Home Ұлт діңі Сейтқазин Алишер. Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы

Сейтқазин Алишер. Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы

0

Қазақстан – тәуелсіз егемен мемлекет. Әрине, адам баласы қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды. “Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен” – деп ақындарымыз жырлағандай, біз де тәуелсіздік алу жолында ұзақ күрестік. Дегенмен, ата-бабаларымыздың арманы орындалды. Қазір біз тәуелсіз, болашағы жарқын өркениетті мемлекетте тұрып жатырмыз. Осының өзі – қандай бақыт!
Тәуелсіздікк қол жеткізу үшін ата-бабаларымыз қаншама қиыншылықтарды бастан өткізді. Енді осы тәуелсіздігімізді сақтап қалу одан да қиын. Ол үшін ең алдымен елімізде тұрып жатқан халықтардың ауызбіршілікте болуы, ынтымақтастықта болуы, достықта болуы ең басты құндылықтар. Сол себепті, ата-бабаларымыз айтқандай “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, халқымыз бірлікте болып, қандай іс болмасын жұдырықтай жұмылып, бірге болуымыз керек.
Елімізде жүргізіліп жатқан игі істерде Елбасымыздың халыққа арнаған жолдауларын негізге алып отырып, болашаққа бірге аттанатынымызға сенім мол.
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, Елбасымыздың идеясын жалғастырушы, мәңгілік ел іргесін мықты ұстап тұратындар – қазіргі жастар екеніне еш күмән жоқ. Сондықтан жастарға артылатын сенім, үміт мол. Еліміздің ертеңі үшін алаңдайтын, тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін өздерінің күш-жігерлерін жұмсайтын білімді, ақылды, тәрбиелі ұл-қыздар қажет.
Қазақстан мәңгілік елге айналу үшін ең алдымен қазіргі мектеп оқушылары, студенттер білімге, ғылымға бар ынта-жігерлерін арттыру керек. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан да көптеген жұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушыларына, студенттерге көп мүмкіндіктер ұсынылуда. Атап айтатын болсақ, әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жүргізу мақсатында көптеген ғылыми жобалар облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейлерде ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін мемлекеттік қаржыландыру есебінен академиялық ұтқарлық бағдарламасы бойынша алыс-жақын шетелдерде оқып, білім алу мүмкіндігі ұсынылған. Бұл бағдарлама шеңберінде білім алушылар – болашақ маман иелері шетелдегі білім мен ғылыммен танысып, тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еліміздегі жоғары оқу орындарына дәрістер оқуға шақырылуы, бұл да білім алушылар үшін қазақстандық ғалымдармен қатар, шетелдік ғалымдардың дәрістерін тыңдап, олардың еңбектерімен танысуға, ғылымда болып жатқан озық жаңалықтарды оқып-білуге мүмкіндіктерінің зор екендігін білдіреді.
Мәңгілік ел идеясын қолдау үшін ең алдымен тілімізді, тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, қастерлеп және білуіміз керек.
5522“Тәрбие – тал бесіктен” – қазағымның сөздері қандай десеңізші, ата-бабаларымыз қандай данышпан болған! Біздерге, жас ұрпаққа қандай өсиет қалдырды десеңізші. Олай болса, ата-бабаларымыздың қалдырған өсиеттерін мұқият орындау бізге сын. Елбасымыздың айтқанындай, қазақ елі – мәңгілік ел болуы үшін жас ұрпақты ана тілімен сусындату, өз елінің патриоты болуы үшін елін, жерін сүюге тәрбиелеу, еліміздің көркеюіне, дамуына үлесін қосуы бағытында әрбір отбасы міндетті екені айтпаса да түсінікті.
“Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!”, – деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай жастарға сенім мол!

Сейтқазин Алишер Мақсатұлы .
Павлодар қаласы №17 орта мектебінің 5 сынып оқушысы

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version