Home Ұлт діңі Аманжолов Таулан. Тарих сабағындағы ой

Аманжолов Таулан. Тарих сабағындағы ой

9

І
Аспанды соғыс бұлты торлағанда,
Анаға бұдан өткен сор болар ма?!
Баласын қан майданға аттандырды,
Лағынет айтып сұм Гитлер, оңбағанға.

Сол соғыстың ызғары, дауылы да,
Соғып өткен әр қазақ ауылына.
Жан-жақтан тағдыр айдап келген жанды,
Басыпты бөліп-жармай бауырына.

Қайран елім, соғыстан жерідің бе?!
Жеңіс үшін құрбан деп өмірім де,
Қару алып қолына, атқа қонды,
Бұғанасы қатпаған өрімім де.

Майданға деп қорғасын, темірін де,
Тонналап Қарағанды көмірін де,
Тойып тамақ ішпеді тылдағылар,
Хақым жоқ деп фашистен жеңілуге.

Жамбыл атам, данагөй, кемеңгерім,
Жолдапты жалынды жыр, өлеңдерін.
Екінші дем бергендей бас көтерді,
Қоршаудағы Ленинград өрендері.

Бұл соғыстан талайлар сабақ алар,
Ұлы Жеңіс орының дара болар.
Халқымның жанқиярлық ерлігі де,
Тарихта тиісінше бағаланар.

ІІ

Тарих деген – замандардың өткелі,
Еліміздің бүгіні мен өткені.
Оны білсең, түсінерсің қадірін,
Осы күнге қалай қолдың жеткенін.

Бүгіндері жарқырайды көкте күн,
Еш алаңсыз жастық шағым, көктемім.
Тарихымды танып-білу парызым,
Білгенімнен, білмегенім көп менің.

66666Бағдарымыз: Бейбітшілік. Келісім.
Бұдан артық бар ма бақыт ел үшін?!
Елбасымыз – мақтанышы халқымның,
«Мәңгілік ел» – қан мен тердің жемісі.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады
Аманжолов Таулан
Астана қаласы. № 64 мектеп-лицей
9 «к» сынып оқушысы

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

9 COMMENTS

  1. Құрметті Kazbilim ұжымы, бұл жобаларыңыз бастамаларыңыз тамаша дүние екен. Қазіргі қоғамда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында таптырмайтын тәсіл. Әлеуметтік желіде заманауи бағытта жасөспірімдерді тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Осы байқаудағы Аманжол Тауланның “Ұлы Жеңістің 70-жылдығына” арнаған өлеңі ерекше толғандырды. Соғыс кезінде аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлері, аяулы аналарымыз, жетім балалар Ленинград қоршауындағы Ұлы тарихи оқиғалар, қазақтың ұлы ақыны Жамбыл атамызды өлең жолдарына қосуы Тауланның білімділігін, дүниетанымдығын, еңбекқорлығын көрсетті және де жас қатысушы талантты балаларға шығармашылық табыстар тілеймін. Суретші, дизайнер Алмас Сырғабаев

  2. Талабыңа нұр жаусын Таулан! Еліміздің, ата-анаңның мақтанышы бол!

  3. Жас талап Аманжол Туланның Ұлы Жеңіс тақырыбына жазған өлең шумақтары жүрек тербететін иірімдерімен сәтті де сауатты жазылған дүние екен. Жыр жолдарынан оның тарихты білетіні, өткен мен бүгінгі уақытты сабақтастыра алғандығы аңғарылады. Сүрапыл соғыс зардабы, қазақ жауынгерінің ерлігі, елдің басына түскен ауыртпалық, тарихтың сабағын бүгінгі ұрпақтың санасына жеткізу – жас қаламгер Тауланның туындысында поэзия тілімен барынша көркем бейнеленген. Бүгінгі Тәуелсіз ұрпақтың атынан сөз алған Таулан осы қалпын шыңдай тұссе, алар асулары әлі алда екеніне бек сенімдімін.Талантты баланың талабы өсе берсін.
    Бұл ретте қазіргі жастардың интернетті игергенін ескере отырып, осы ғаламтор кеңістігі арқылы жасап отырған КазБілім порталының игі бастамасы жас жеткіншектерді шығармашылық ізденістер мен жаңа жетістіктерге жетелейтіні анық. Осындай рухани-патриоттық жобалар көп болса деген тілегім бар.

    Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Алмат Исәділ.

    • Тауланның жүрек жарды тебіренісін байқап отырмын. Белгілі ақын Алмат Исаділдің назар аударып, ерекше бағалағанына қуанып отырмын. “Балықшыны балықшы алыстан таныйды”. Ақыннан артық баға бере алмаспыз. Өнерің өрге жүзсін, Таулан!

  4. Жас талант Тауланнын туындысында согыс жылдарын дагы киындыктар, казак жауынгерлеринин ерлиги жане ардакты аналарымыз бен елдин енбеги оте жаксы баяндалган. Согыс жылдарындагы откизген киындыктар ды тусине билген, оны копшиликке жеткизе билген Тауланнын талабына нур жаусын деймиз. Оте жаксы жазылган туынды деп ойлаймын. Биик шындардан корине бер Таулан ! Саттилик тилеймиз!

  5. Жарайсын Таулан!!! Бақ құсың басыңа серік болсын! Арманға созған қолың мақсаттың биігіне шыға бер!

  6. Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған өлең жолдарынан Тауланның отансүйгіштігін, елжандылығын байқаймыз. Ерлік пен батылдық, Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін көркем бейнелей білген. Өзеннің басталуы, өнердің басталуы — екеуі де қасиетті ғой. Өзеннің көзі бұрқ еткен қайнардан ашылса, өнердің көзі бір шумақ өлеңнен басталмақ. Даналық әрқашан балалықтан басталады. Таулан бала күніңнен дараланып, тас жарардай талант иесі болуыңа тілектеспін!

  7. Тауланның ” Тарих сабағында туған ой” атты алғашқы жүректен шыққан туындысы сұм соғыстың зардабын тартқан қазақ елінің майдангерлерге берген әлеуметтік және рухани көмегін, аналардың қайғысын көркем суреттей білген. Елінің қуанышын, мұңын жоқтар ақын болуыңа тілектеспін!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version