(әңгіме)
Қайрат жұмыстан келе жатыр. Қуанышы қойнына сыймайды. Өйткені, ол жақында әке атанбақшы. Үйге келді қуанышын ата – анасымен, жолдасымен бөлісті. Анасы мен жолдасы өз араларында қуанышты шағын мерекелік дастархан жасап, атап өтпекші болды. Барлығы тегіс кешкі асқа отырды. Бір кезде «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Неміс әскері бізге тұтқиылдан жабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды» -, деген радиодан суық хабар естілді. Қуаныштары су сепкендей басылды. Сәлден соң әскери комиссариаттан қоңырау шалынып, таңертең Қайраттың осында келуін тапсырды. Барлығының өңі сұп – суық. Бірақ, ешкім тіл қатыспады. Себебі, ер азамат үшін Отанын қорғау борыш болып саналатын. Сондықтан болар бір – бірін сөзсіз ұғынды.
Таң да атты. Қайрат таңғы асын ішіп әскери бөлімшеге кетті. Барып мән – жайды біліп, ертең жолға шығатын болып шешілді. Бұйрық шықты. Қайрат үйге келе жатыр. Ойы сан – сақта. Қолына ешқашан қару ұстап көрмеген мен қалайша соғыспақпын десе, енді бірде, мен Отаным үшін отқа да, суға да түсем деп бекінді. Үйге келді. Мән – жайды атты. Анасы қарсы болғанмен, амал не елін жаудан қорғауы керек. Барлығы іштерінен ешқашан таң атпаса екен деп тіледі. Енді ғана етек – жеңін жинап үй алып, үйленгені кеше еді. Бүгін әлі де жастық шақтың басылмаған қызығын, сұм соғысқа айырбастағаны, өкінішті. Ылғи өз шапағын жер дүниеге шашып, жылу беретін күнде бүгін қара бұлттардың ар жағында. Бейне бір жасырынып тұрғандай. Жолдасы тұрып әдеттегіше таңғы асын әзірледі. Барлығы бірге таңғы асты ішті. Анасы көрсеткен қамқорлықта тек бүгін ерекше сезілгендей болды. Таңғы ас ішілді. Тегістей сырты киімдерін киіп, вокзалға жол тартты. Қайрат дереу тіркеліп, енді пойыз күтіп отыр еді, бір кезде әкесі сөз бастады: – Ұлым, қайда барсаңда, қай жерде жүрсеңде, біз сені ұмытпаймыз. Бізге қарайлап уайымдама. Барлығына өзім ие болам. Сен тек жауыз фашисттің көзін құртуды ойла! Сен, қазақсың! Жеріңді, еліңді, Отаныңды қорғауға тиіссің, мейлі, тіпті, сен өлім аузында тұрсаңда. Біз сені жеңіспен бірге күтеміз ,- деді. Әке – анасы мен құшақтасып қоштасса, жолдасының маңдайынан сүйіп қоштасты. Пойызда келді. Барша жас жауынгерлер туыстарымен қоштасты. Барлығы қол бұлғасып қала берді. Пойыз көз ұшында кетіп бара жатты.
Тасболат Сағыныш Закарияұлы. БҚО, Тасқала ауданы, Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының 10 – сынып оқушысы.
“Мән – жайды атты” сөйлеміндегі “атты” сөзін “айтты” сөзі деп оқуларыңызды сұраймын.
Айналайын, Тасболат! Прозаға бастаған қадамың жаман емес. жарайсың! тек ұстаздық 1 ескертуімді қабыл алғайсың.
“Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды” дегендегі де шылау болғандықтан, бөлек жазылады емес пе?!
керемет! өнерің өрге жүзсін! шабытыңа шабыт қосылсын!
Жеңіс тілеймін!!!
өте керемет! әңгімең сондай мағыналы жеңістің оңай келмегенін бірден ұқтырады. рахмет әңгімеңе
жеңістерге жете бер
Маған ұнады. Жақсы әңгіме екен
қаламың ұштала берсин
мағыналы әңгіме екен тамаша
Тек алға!!!
Женис тилеим
Әңгімең ұнады
Талабың жансын! Сәттілік тілеймін!
бағың жансын
Жарайсың, Сағыныш! Әңгімең мазмұнды екен.
Қаламың ұштала берсін! Әр кез биіктерден көріне бер!
Талабыңа нұр жаусын! Әңгімең жақсы.
Саған тек шығармашылық табыс тілеймін.
Керемет! Жарайсың!
Бәрекелді, жарайсың?!
Талабыңа нұр жаусын!
Қаламың ұштала берсін! Сәттілік тілейміз!
Жеңіс тұғырынан көріне бер!
Саттилик, тек кана алга.
Жеңіске жетуіне тілекшімін!
Қаламыңнан тың дүниелер туындай берсін!!!Алға!!!
Әңгімең катты ұнады. Сәттілік тек!!!
Әңгімең өте тартымды екен, жеңіс тек кана!!!
Биіктерден көріне бер!!!!
Әңгімең оқырмандарыңның жүрегіне жол тапсын! Сәттілік жаныңа әркез серік болсын!
Талабыңа нұр жаусын!
Бәрекелді Сағыныш!!! Әңгімең өте тартымды жазылған екен