Home Ұлт діңі Нұрсағатова Аружан. Тарихыңды танып біл

Нұрсағатова Аружан. Тарихыңды танып біл

1

Біз – өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп
жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны
білуіміз керек..
Н.Ә.Назарбаев

Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір. Туған жерді сүю, оны қорғау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлытаудағы сапары барысында қарапайым сөзбен түсіндірді: «Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, ба¬уыр¬ларыңды, балаларыңды, немереле¬ріңді ойлайсың. Сол жү¬рек¬пен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр».
Мемлекет басшысы «Нұр¬лы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да Отанды сүю, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадір¬леу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесімізді қосып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау жайлы ой қозғайды. Соның бір айғағы ретінде Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойын кең көлемде атап өту шарасын айтуға болады. Сонау көне тарихты зерттеп, зерделеп, оны халыққа жеткізуде бұл шараның маңызы зор. Елбасы айтқандай, өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды. Енді осы тарих бетте¬ріне үңілсек…..
1831-1968 жылдар аралығында Ресей патшасы үкіметінің шешімі бойынша құрылған Аягөз дуаны (қазіргі Аягөз ауданы) жерінде бүкіл қазақ халқының тарихында аса маңызды орын алатын жоңғар-қазақ шайқасының күрделі сәттерінің өткендігін бүгінгі және келер ұрпақ ешқашан ұмытпауы тиіс . Атап айтқанда, елдігіміз бен ерлігімізге сын болған, бабаларымыздың ерен ерлегі мен қайтпас қайсарлығын, туған жерді ата жаудан қорғап қалудағы қаһармандығын әлемге паш еткен бұл шайқастың барысында осы өлкеде қазақтар алғашынд адам айтқысыз жеңіліске ұшыраса, кейіннен жоңғарлар осы өңірде қазақ халқымен достық шартқа қол қойды. Ендігі кезекте осы оқиғаларға қысқаша тоқталып өтейік.
1817 жылы Қайып хан мен Әбілхайыр қазақ ордасының отыз мың әскерін бастап Дүрбін-Ойратқа қарсы аттанған. Бұл бір үміт күткен жорық еді. Аттаныс алдында біраз уақыт соғысқа жаттыққан екі жақ Аягөз өзенінде беттесті. Мылтықпен қаруланған, өзеннің арғы бетінде шеп құрған мың қаралы қалмақ ұзақты күн оқ атып, қазақтарға қарсы қадам аттаттырмады. Кеш бата ағаш кесіп, бекінісін нығайта түскен қазақтардың бір бөлігі өзеннің жоғарырақ тұсынан өтіп, шеп құрды. Сөйтіп отырғанда қалмақтарға көмекке мың жарым адам жетті. Үшінші күні таң бозында қалмақтарға тағы да мол әскер келіп қосылды. Тың күшпен басталған қалмақ шабуылы қазақтарды ту-талақай қылды. Осыдан келіп, кейіннен Әбілхайырдың әйгілі «Аягөздің кебін киеміз» деген сөзі ел арасына тарап кетті.
Ал, қалмақтар қазақ халқымен достық бітімге қол қоятын сәтіне келетін болсақ жоңғар ханы Қалден Серен 1745 жылы өлгеннен кейін жоңғарлардың өз ішінде алауыздық басталады. Оның үстіне Қытай императоры Циньдун әскерлері 1758 жылы Жоңғарияны жаулап алады. Осыдан келіп Кіші және Орта Орда жеріне қауіп төнеді. Осы жағдайларды екшелей келіп, Абылай хан қытайлармен арадағы қарым-қатынасты сақтай отырып, қалмақтармен шарт жасасты. Бұл шартқа отыру үшін әр жақтан екі мың адамнан қазақ- қалмақ өкілдері жиналып Аягөз өзенінің бір соғыста қалмақтың Қандыжап деген ханы өлген Батпақсу деген саласында келіссөз жүргізді. Бұл келіссөзге Көкшетаудан Абылай хан келіп, Ер Жәнібек және басқа көптеген халқымыздың батыр-бағландары қатысады. Бұл шарт қалмақтың осы жерінде қаза тапқан қонтайшысының есімімен тарихта «Қандыжап шарты» деп аталса, ел ішінде бейбіт заман тыныштық орнады деген сөзбен Батпақсу өзені ендігі кезекті мамыражай өмірдің белгісі ретінде «Мамырсу» деген атқа ие болады. Осылайша «Қандыжап шарты» кейіннен халық арасында «Мамырсу келісімі» деген атқа ие болған.
Аягөз өңірінде өткен осы тариха оқиға бұл өлкеде болған және оған келген саяхатшылар мен зерттеушілердің назарынан еш уақытта тыс қалмаған. Осылардың арасында поляк саяхатшысы А.Янушкевичь, қазақ халқының ұлы ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов, қазақ халқының тарихын, әдеп-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші Аягөз жерінің тумасы Құрбанғали Халид және басқалары бұл жөнінде қалам тербеп, өз пікірлерін білдіріп отырған. Мәселен, Құрбанғали Халидтің көпке мәлім «Тауарих хамса» («Бес тарих») кітабында Мамырсу келісімі жөнінде кеңінен айтылады. Ал,
Құрбанғали Халидтің өзіне келетін болсақ, оның әкесі Халид Ташкентте, Аягөзде, Қытай жерінде тұрған. Құрбанғали жас кезінде Абдулхақ деген кісінің медерсесінде оқып, тарих, география пәндерінен дәріс алады. Аягөз жерінде және кейіннен Шәуешекке көшіп барғаннан кейін өзі де медресе ашып, татар, араб тілдерінен сабақ берген. Бұл 1889 жылы қазақ қазақ тарихына қатысты «Жарида», ал 1905 жылы жоғарыда айтылған «Тауарих хамса» кітаптарын жазған. Қазірде Аягөз қаласындағы бір көше осы Құрбанғали Халидтің есімімен аталады.
«Мамырсу келісім» жайлы ақын Көкбай Жанатайұлының «Қандыжап» атты дастанынан оқырман қауымы жақса біледі.
Қазақ-қалмақ арасында бітім шарты жасалған Мамырсу өзені қазіргі Мамырсу ауылының ( бұрынғы Сергиополь ауылы) солтүстік батысында үш-төрт шақырым жерде орналасқан. Мұнда халқымыздың хас батырларының бірі Қасабай батыр жерленген .
Міне, кезінде патшалық Ресейдің үстем саясатының салдарынан Сергей Александрович деген князьдің есімін иеленіп келген Сергиополь ауылы бүгінде өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ата-бабаларымыздың қасиетті қаны тамған, үш жүздің басын қосқан хан Абылайдың табаны тиген қастерлі өлкені сол бір тарихи жиын өткен Мамырсу атымен қайта аталуы- тәуелсіз еліміздің еңсесін биіктете түсер игі шаралардың бірі еді.

Тамыры тереңге жайылмаған ағаш қатты жел болса, ылғал аз болса, әйтеуір бір кез келген қолайсыз жағдай орын алса опырылып құлары анық. Мемлекеттің терең тамыры – оның тарихы. Егер әр халық өз тарихын терең білмесе, кез келген сын сағаттарда аман шығуы қиын. Тарихын білмеген халыққа өзінің тілі де, діні де бітпейтін дауға айналады, бір елдің ішінде алауыздықтар пайда болып, өнбейтін іспен айналысады. Бұл халық үшін қасірет. Сыртыңдағы да, ішіңдегі де дұшпаның бұған жадырап, осы кемшіліктерді пайдаланып әрдайым аяқтан шалумен болады. Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін тарихты терең зерттеп, зерделеу қажет. Тарихың дұрыс жазылған соң барша халыққа, соның ішінде біздерге ,жас ұрпаққа, терең ұғындыру қажет. Бабаларымыз білектің күші, найзаның ұшымен қасық қандары қалғанша жауына бермей қорғаған ұлан-байтақ жеріміздің ұлы тарихын сол қалпында сақтап қалу- болашақ жастарға артқан үлкен аманаты.
Еліміз егемендік жылдарында Елбасымыздың дана басшылығымен ғасырға бергісіз даму жолынан өтті. Қазақстан әлем таныған, дүние жүзінің ең беделді мемлекеттері санасатын қуатты елге айналды. Елбасы айтқандай, қазақтың мәң¬гілік ғұмыры -ұрпақтың мәң¬гілік болашағын баянды етуге арналды. Ендігі ұрпақ -мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елі-нің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел. Осы идеяны жү¬зеге асыру жолында аянбай еңбек ету – әрбір жастың азаматтық борышы

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы. 5 том, 2003 жыл.
2. Ч.Валиханов толық шығармалар жинағы. 1 том, 1961 жыл.
3. Қ.Халид «Тауарих хамса». 1993 жыл.
4. Қ.Жанатайұлы «Қандыжап» дастаны.

Нұрсағатова Аружан 2000 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қазір Семей қаласының № 47 орта мектебінің 8 сынып оқушысы
Жетекшісі : Акимжанова Г.Б.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version