Home Керекті кеңес Болашақта мектеп түлектері ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін.

Болашақта мектеп түлектері ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін.

0

Болашақта мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі6 Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарт.

«Болашақта біз оқушыларға ҰБТ-ны бір емес, бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік беруді  жоспарлап отырмыз», – деді С.Нүсіпов БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, тесті бірнеше мәрте тапсыру әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесінде бар. Сондықтан да еліміздің Білім және ғылым министрлігі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, болашақта осы тәжірибені Қазақстанда да енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар комитет төрағасы оқушылардың ҰБТ тапсыру пунктіне кірген кезде тексеруден өтуіне қатысты өз пікірімен де бөлісті. «Оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған кезде тексерістен өтеді. Ол рас. Өйткені, заңға сәйкес тест өткізу ережесі бойынша ешкім ешқандай техникалық құрал-жабдықты ұлттық бірыңғай тест тапсыруда пайдаланбауы тиіс. Сондықтан, ата-аналарға, мұғалімдерге, оқушыларымызға айтарымыз, ешқандай байланыс құралын пайдалануға болмайды. Жылдан жылға біздің ҰБТ тапсыратын пункттерімізде техникалық құралдар көбейіп жатыр. Сондықтан, біз оқушыларды тінту мақсатын көздемейміз», – деді ол.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version