Home Керекті кеңес 2015 жылғы ҰБТ-ны өткізу мен үйлестіру бойынша республикалық штаб жұмыс кеңесі өткізілді

2015 жылғы ҰБТ-ны өткізу мен үйлестіру бойынша республикалық штаб жұмыс кеңесі өткізілді

0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 2015 жылғы ҰБТ-ны өткізу мен үйлестіру бойынша республикалық штаб жұмыс кеңесін өткізді, – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызыметі.

Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов үйлестіру штабының ұлттық тестілеуге дайын екендіктеріне көз жеткізді. ҰБТ-ны өткізу мен үйлестіру республикалық штабы өз жұмысын 2 маусымнан бастап 9 маусымды қоса алғанда жұмыс істейтін болады.

Штаб жұмысының басты мақсатына республика бойынша ҰБТ өткізу мен аппеляция; жұртшылық арасында ҰБТ мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастыру; түлектер мен ата-аналардан келіп түскен шағымдарды уақыты қарастыру жұмыстарын жүргізу кіреді.

Сонымен қатар, айта кететін жайт, ҰБТ өткізу барысында басқа да мемлекеттік органдар қатысатын болады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҰБТ өткізу барысында қатысқан адамдар мен түлектерге уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен ҰБТ болытын бекеттерге түлектерді әкелетін көлік құралдарының қауыпсыз қозғалысына септігін тигізеді, ал жергілікті атқарушы органдар мектеп түлектерінің ҰБТ болытын пунктеріне қауіпсыз барып қайтуына жауапты болады. ҚР Білім және ғылым минситрлігі өз кезегінде жалпы ҰБТ-ның өтуін қамтамасыз етеді.

ҰБТ-ның бірінші күнінде ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі ҰБТ өткізілетін Ұлттық тестілу орталығының №710 бекетінде болып қайтады.

Штабтың «Жедел желісінің» телефоны: 74-23-72; 74-22-57; 74-23-69.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version