Home Керекті кеңес «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі болып құрылды

«Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі болып құрылды

0

Ел мен елді, халық пен халықты, ұлт пен ұлтты теңестіретін нәрсе – білім деген еді ұлы Мұхатр Әуезов. Иә, ғылым бәсекесі басты орынға шыққан ХХІ ғасырда әркім өз әлінше білім теңізіне шүңгіп, тұнығынан шөл қандырғысы келері хақ.

Сол шөлді қандырар мектептерден тыс бүгінде қосымша білім беру орталықтар көптеп ашылуда. Бұл сұраныстың артуынан туындағаны хақ. Сондай қосымша білім беру орталықтарының біразына бас сұқтық. Әрқайсының оқу жоспарымен таныстық, бағдарын бағамдадық. Ұстаздар қосынының қарым-қабілетіне үңілдік.
Жақсының жақсылыған айт нұры тасысын, – демей ме атам қазақ. Портал жұмысын бастағалы біраз ата-аналар жақсы орталықтар болса айтсаңдар, балама қосымша мұғалім керек еді деп хабарласып жатады. Сол ата-аналарға бізге ұнаған орталықты таныстыра кетуді жөн көрдік.
Сондай жұрттың талабын қанағаттандыра алатын орталықтардың бірі  «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы бір жыл ішінде үлкен жетістіктерге жетіп үлгеріпті. Олар жұмыс жасаған бір жыл ішінде үздік ұстаздар қосынының арқасында олимпиада және ұлттық біріңғай тестлеуден биік деңгейді бағындырумен қоса, зерделі орталығында тәрбиеленген түлектердің басым бөлігі Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Қазақ-түрік лицейінің, зерде мектептерінің табалдырығын аттап үлгеріпті.

«Зерделі» орталығы басты ерекшелігі мұғалімдер сапасының біліктілігі екен. Онда үш ғылым докторы, оннан астам ғылым магистрлары жұмыс атқарады екен. Тек Астана қаласының жоғары санатты таңдаулы мұғалімдерінен қалыптасқан үздік қосын екен.

Екінші ерекшелігі, ұстаздар ұзақ жыл олимпиадалар мен ҰБТ – да жинақтаған тәжірибелерінен пайдаланып, көптеген қазақ тілді оқу құралдарын дайындапты.
Үшінші ерекшелігі, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының алдағы жоспары тек бизнес жоспар емес, қайта болашақ іргелі оқу орнына айналу бағдары нық, болашағы зор екені ұстанған бағыты мен жасаған жоспарнан айқындалып тұр.
mmexport1411964903827[1]Орталықтың директоры Астана қаласы дарынды балаларға раналған «Зерде» мектебінің жоғары санатты математика мұғалімі, математика ғылымдарының магистірі, олимпиадаларға арналған материалдардың авторы Мәуіт Ырысбек орталық туралы қысқаша ойын былай білдірді:
– Мен бұл бағытта жұмыс істеуіме түрткі болған екі себеп: бірі қосымша сабақ беретін жақсы мұғалім іздеген ата-аналардың өтініші және сапалы білім бере алатын ұжым қалыптастыру; екінші, қазақ тілді қосымша материалдардың кемшілігінің орнын толықтырсам деген арманым. Осы екі мақсатты орындау үшін Астанадағы белді мұғалімдерді топтастырып, бір жағынан шакірт тәрбиелеп, бір жағынан елдің ертеңі ұрпағына азық боларлық материал қорын даярлау. Қосымша білім беру орталықарының көбеюі – еліміздің білім саласының сапасын арттыруға тигізер пайдасы мол. Өйткені, біздің мектептерде бәсекеге қабілетті болуы керек. Бір жыл ішінде үлкен тәжірибе жинадық, алда зерделі ақыл-ой дамыту мектебі болып құрылып жатырмыз, жаңа кабинеттер мен әдістемелік құралда дайындадық, болашақ жоспар құпия болсын, ал, сапалы білім іздеген ата-аналар сенімін бізге артса жерге қаратпаймыз деген ойдамын.

Болашақ бағытына ақ жол тілеп, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығуларына ниеттестік білдіріп, бастаған істерінің Алла қайырын берсін деп қоштастық.

Зерделі ақыл ой дамыту мектебі

қызмет көрсету бағыты

  1. Мектепке дайындық, бастауыш бағдарламасы бойынша қосымша білім беру;
  2. Пәндік олимпиадаларға дайындық;
  3. Ұлттық бірыңғай тестке және кешенді тестілеуге бағдарлы дайындық;
  4. «Алтын белгі» үміткерлерін, «үздік куәлік» иегерлірін дайындау;
  5. «НЗМ», «ҚТЛ», «Зерде» мектептеріне бағдарлы дайындық;
  6. Күнделікті сабаққа дайындық;
  7. Қаллалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға дайындық;
  8. Жас мамандарды тәрбиелеу, сертификаттау;
  9. Оқушылар мен жас мамандарға арналған қалалық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру;
  10. ҰБТ, олимпиадаларға арналған арнайы материалдар дайындау және сату;
  11. Тіл курстары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі, неміс тілі, француз тілі, жапон тілі, корей тілі) және шет тілдердің дәрежелік емтихандарына ( TOEFL, IELTS, HSK) дайындық;
  12. Шахмат, логикалық ойын түріндегі арнайы сабақтар;
  13. Білім беру мәселелеріне арналған кеңестер (Шет елден келген қандастарды бейімдеу);
  14. Мамандық таңдауға арналған арнайы сабақтар жүргізу, кеңестер беру, мамандық таңдауға көмектесу;
  15. Психологикалық трениктер ұйымдастыру, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;

 «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі мекен-жайы: Астана қаласы, Қаныш Сатбаев көшесі 20/1, екінші қабат.

Байланыс телефондары: 8 7172 48 25 25; 8 778 000 95 25

 «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің №1 филиалы мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр 40 «Инфинити-1» түрғын үй кешені

Байланыс телефондары: 8 7172 48 25 25; 8 778 698 92 05

Электрондық адрес: zerdelibilim@gmail.com

Қосымша ақпарат zerdeli.kz сайтында

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version