№1 жұмыс КОНКУРСҚА!
Астанам, асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің.
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау, ұтылмасым, жеңілмесім.
Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар! Біздің бүгінгі Астана қаласының көшелері бойынша ұйымдастырылатын экскурсиямызға қош келіпсіздер!
Вокзал алаңы – қаланың ең басты көлік торабы. Вокзал алаңы темір жол вокзалының қасында орналасып, алаңнан Біржан Сал көшесі бастау алады.
Қалаға кірер тұста орналасқан «Бата» мүсіні – ақ жол, сәт сапар тілегінің символы. Қазақ халқында адам ұзақ жолға шыққында, үлкен кісіден «бата» алады. Ол батаның құдіреті жолаушыға күш беріп, сақтау мен көмек беру. Ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан бұл салт-дәстүр қазіргі күнге дейін жалғасуда. Ізгі дәстүрге сай, “Бата” мүсіні жолаушыға деген ізгі тілектің бейнесі. Ескерткішті ішкі жан-дүние мен ғалам шегі-босаға түрінде жасау арқылы автор ойын ұтымды жеткізген. Босаға – жол басы, өмір белгісі – бесік пен береке-бірлік белгісі – тайтұяқты қалқандап тұрған дөңгелек тақта – ай мен күннен қуат дарытып тұратын алып күш, тәңірден қуат алу белгісі. Мүсін қола мен тастан жасалған, авторы Арман Бектасов. Ашалған уақыты – 2000 жыл.
Теміржол вокзалы маңындағы алаңда республикадағы көне паровоз Эш-4161 ескерткіш ретінде орнатылған. Бұл паровоз 1923 жылы Швецияда жасалған. Кезінде Кеңес өкіметі осындай паровоздардың 1 мыңына тапсырыс берген екен. Эш-4161 Қазақстан темір жолдарында 60 жыл қызмет етті. Сұрапыл соғыс жылдарында ұрыс алаңдарына жақын маңайларға да тасымалдаған. Қазақстан теміржолының 100 жылдығы мерейтойына орай паровозды ескерткіш ретінде орнатуды ұсынған ҚР-ның президенті Н. Ә. Назарбаев. Эш-4161 Батыс Қазақстаннан әкелінген.
• Экскурсиямызды жалғастыра келе, Астана қаласының Теміржол вокзалын көре аламыз. Алдыға назар аударуыңызды сұраймын.
Аталған әдістемелік жұмыста Астана қаласының Вокзал алаңы, Біржан сал көшесі, Жеңіс даңғылы, Желтоқсан көшесі, Кенесары көшесі, Республика даңғылы, А.Бараев көшесі, Ж.Ташенов көшесі, А.С.Пушкин көшесі, Абылай хан даңғылы, Қ.Мұңайтпасов көшесі, Отан қорғаушылар алаңы, Тәуелсіздік даңғылы, Б.Момышұлы көшесі, М.Жұмабаев, Петров, Л.Мирзоян көшелері, М3 көпірі, Сығанақ көшесі, Түркістан көшесі, Достық көшесі, А. Байтұрсынов көшесі, Тұран даңғылы, Сарыарқа көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы, Бейбітшілік даңғылы, І.Есенберлин көшесі бойымен жасалатын экскурсия мәтіні жинақталды. Аталған жұмыс Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастыру үшін көмекші құрал болып табылады.
Кудабаев Нурдаулет Алибекұлы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
№63 мектеп-гимназиясы
nuraga_90.03@mail.ru