18 қаңтарда Алматы қаласында математика, физика жәнеинформатика пәндерінен Жәутіков атындағы ХІІ халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оған 17 мемлекеттен 63 команда (413 қатысушы) қатысты: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзербайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Болгария, Румыния, Сербия және Монғолия, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Олимпиада қорытындысы бойынша таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің жеті командасы анықталды. Командалық есепте Мәскеу қаласының (РФ) №1329 мектебінің командасы Гран-при иеленді.
Олимпиадада сарапқа салынған 191 медальдің 48-ін Қазақстан жеңіп алды, соның ішінде астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді.
ҚР ҰҒА академигі, қазылар алқасының тең төрағасы Асқар Жұмаділдаев астаналық оқушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді. Елордалық оқушылар түрлі деңгейдегі пәндер бойынша олимпиадаларда ұдайы жүлделі орындар алады. Соның ішінде төртеуі оқушылар арасындағы Дүниежүзілік олимпиадаларға қатысатын Қазақстан құрамасының мүшесі болып табылады.