Home Жаңалық Биыл мектеп бітіруші 121 мың 092 түлекке 31 700 білім гранты бөлінеді

Биыл мектеп бітіруші 121 мың 092 түлекке 31 700 білім гранты бөлінеді

0

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы биыл ешқандай өзгеріске ұшырамайды, ал, 2017 жылы толық өзгереді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 092 бала, оның ішінде 83 330  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді”, – деді ол.

Ал, осы түлекетерге биылғы жылы 31 700 білім гранты бөлінеді. 

“БиылҰБТ – да еш өзгеріс жоқ, мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700. Қазіргі уақытта мамандықтар бойынша гранттар үлестірілген жоқ. Себебі ол Үкімет Қаулысымен бекітіледі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс көлеміне қатысты Қаулы жобасы қарауда жатыр. Гранттарды мамандықтарға үлестіру жағы белгілі болғанда, бірден жариялайтын боламыз”, – дейді ол.

“Келесі жылдан бастап, білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, ұлттық бірыңғай тестілеу жетілдіріледі және трансформацияланады”, – деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, ҰБТ келесі жылы өзгеріске ұшырағанымен, негізгі инфрақұрылымы мен механизмдері қалады.

“Ең бастысы, біз тіліне, тұрғылықты жеріне қарамастан, барлығына ЖОО-ға түсуге тең жағдайлар жасауымыз керек. Бірақ ҰБТ жоғары оқу орнына түсу үшін ғана тапсырылады. Қазіргі уақытта барлық сұрақтар ректорлармен, ата-аналармен талқылануда. Біз экзаменді SAT жүйесіне ұқсас етіп жасағымыз келеді. Яғни біз түлектердің білім деңгейін анықтаймыз, сонымен қатар жұмыс берушілерге бүгінгі әлемде қажет компетенциялық қасиеттеріне қарай түлектерді таңдауға мүмкіндік береміз. Сондықтан ҰБТ мазмұны өзгереді”, – деп атап өтті С. Нүсіпов.

“Келесі жылдан бастап тестілеуді екі бөлікке бөлеміз. Біріншісі – мектептер дәстүрлі түрде барлық пәннен емтихан тапсырады. Мектеп бітірген оқушы аттестатын алады. ҰБТ мектеп оқушыларын немесе жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерді іріктеудің бір формасы ғана болып қалады. Аттестация, баға – мектептерге, жергілікті атқару органдарға беріледі”, – деді ол.

“ҰБТ – атауы қалады. Барлық инфрақұрылым мен механизмдер сақталады. Біз түлектерге жоғары оқу орындарына түсуге бірдей жағдай жасауымыз қажет. Ол Бірыңғай ұлттық тестілеу болып қалады. Бірақ ол жоғары оқу орнына түсу емтиханы болып қалады. Бүгінде мәселелер қаралып жатыр, ректорлық корпуспен, ата-аналармен, қоғаммен ақылдасып жатырмыз. Меніңше, тамыз жиналысында нақты құрылымы дайын болады. Мұны бөлек емтихандар болады деп жоспарлап отырмыз. ҰБТ мазмұны да өзгеріске түседі”, – деді Нүсіпов. 

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев бірнеше нұсқаның қаралып жатқанын қоса айтты. “Олардың бірі – әрбір мамандық бойынша профиль пәндерді анықтау. Мәселен, “Жалпы медицина” деген нақты мамандықты таңдаса, онда ол химия мен биологияны тапсырады. Әрмен қарай талқылаймыз”, – деді ол.

Білім министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2004 жылдан бері 12 жылда ҰБТ-ны 1,5 млн. түлек тапсырды. 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version