Home Керекті кеңес Павлодарда 100-ден астам ұстаз шет тілінде сабақ беру үшін екінші жоғары білім...

Павлодарда 100-ден астам ұстаз шет тілінде сабақ беру үшін екінші жоғары білім алуға ниет білдірген

0

Павлодарда 122 педагог 2019 жылы физика, химия және информатика пәндерін шет тілдерінде өткізу үшін екінші жоғары білім алуға ниет білдірген, деп хабарлайды pavlodarnews тілшісі. 

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова мәлім етті.

– Аймақта қаншама ұстаз екінші жоғары білім алуға дайын екенін анықтау мақсатында мұғалімдердің арасында сауалнама жүргізген болатынбыз. Көптеген жағдайда ағылшын тілінің оқытушылары жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндерден сабақ бергісі келеді. Дегенмен бүгінде физика, химия, биология және информатика пәндерінің ұстаздары да шет тілін оқуға дайын, – деді Б. Бексейітова.

Басқарма басшылығының айтуынша, 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндерді енгізу үшін педагогикалық жоғары оқу орындардың студенттері жаңа ережелер бойынша білім алады. Мәселен, өткен жылы ПМПИ-ді көп тілде білім беретін 42 маман аяқтаса, биылғы жылы олардың саны 82-ге жеткен. Жас мамандардың барлығы бірдей өзі оқытатын пәнді ағылшын тілінде  жүргізуге дайын емес, алайда олардың басым бөлігі «Академиялық мобильділік» бағдарламасы бойынша шет елде білім алған. Сондықтан белгілі бір деңгейде ағылшын тілін меңгерген. Егер де олар өз күштеріне сенімсіз болса, мектеп әкімшілігі алдымен арнайы курсты жүргізуді тапсырады да кейін негізгі пәндерге ауысады.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап орыс тілінде білім алатын мектептерде Қазақстан тарихы пәні бесінші-жетінші сыныптарда қазақ тілінде, ал қазақ тілінде білім алатын оқушылар Дүние жүзі тарихын орыс тілінде оқитын болады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version