ҰБТ-ның алғашқы күні 2277 қазақстандық түлек 50 баллдық көрсеткішке жете алмады, төрт түлектің нәтижелері жойылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмады. Олардың нәтижелері жойылды. 8522 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды (2015 ж. – 7 712). 2277 түлек (12,6%) 50 балл көрсеткішіне жете алмады (2015 ж.- 3 478 – 18,4%), – деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
3834 түлек тестілеуде 100-ден жоғары балл жинады. Алматының 3 оқушысы рекордтық 125 балл жинады. Оның екеуі Меирханова Аружан Ерланкызы және Оспанова Рамзия Рамазановна Алматы қалалық Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп гимназиясы, біреуі Маткалева Динара Мараткызы №12 мектеп гимназиясының түлегі.
Еске сала кетейік, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты (96,4%).
kazbilim.kz