Home Керекті кеңес ҚР білім және ғылым вице-министрі Асылова Бибігүл тағайындалды.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Асылова Бибігүл тағайындалды.

0

2016 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі баспа сөз қызыметі.

Асылова Бибігүл Амангелдіқызы 1975 жылғы 20 қыркүйекте Көкшетау облысында дүниеге келген, жоғары экономикалық білімі бар, 1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (нархоз) тамамдаған.

1996-1997 жылдары – Көкшетау облыстық қаржы басқармасының 1-ші санаттағы маманы, жетекші маманы.

1997-1998 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасының жетекші, бас маманы.

1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджет департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің жетекші, бас экономисті.

2001-2002 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің бастығы.

2002-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы бастығының орынбасары.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саладағы шығындарды жоспарлау департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасының бастығы.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2010-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың дамуы департаментінің директоры.

2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінің директоры.

2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 

2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.

Құрмет грамоталары, мерейтойлық медалдары және алғыс хаттары бар. 

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы қарашадан бері бұл қызметті Тахир Оспанұлы Балықбаев атқарып келеген еді.

kazbilim.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version