Home Білім жарысы КЕЙБІР МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ҰБТ-2017-ГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ.

КЕЙБІР МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ҰБТ-2017-ГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ.

3

АЛ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ: “МАМАНДЫҚТАРДЫ ДӘЛ ҚАЗІР ҚЫСҚАРТПАЙМЫЗ”, – ДЕЙДІ.
Құрметті достар, жоғары сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері және ата-аналар!
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігіне арнайы барып, келесі жылдан бастап қысқарту жоспарланған мамандықтар жіктеуіші мен ҰБТ-2017-ге байланысты аталған министрліктің жауапты қызметкерлермен әңгімелесіп, біраз мәліметтер алдық.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтардың қазіргі тізіміне өзгерістер енгізіле қоймайтын секілді.
Біздің осы әлеуметтік желіде жарияланған пікірлеріміз және арнайы хат түрінде “Қазпошта” арқылы жолданған хаттарымыз ҚР Білім және ғылым министрлігінде қарастырылып жатыр екен. Біраз мамандықтар қысқартылмайтын болыпты, жіктеуішке қайта енгізіліп, қайта қалпына келтіріліпті.
Дегенмен “Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымын ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық стандартына сәйкес келтіру” жайы әлі де талқылану үстінде.
Ертең бұл мәселе Алматыдағы ЖОО-ның бірінде өткізілетін арнайы басқосуда тағы да талқыланады.
Ал ҰБТ-2017-ге келсек, талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсу үшін таңдайтын пәндері кейбір мамандықтар бойынша белгілі болып отыр.
Төменде Оқу-әдістемелік бірлестігі Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан мамандықтар тобы бойынша ҰБТ-2017-дегі таңдау пәндерінің тізімін ұсынып отырмыз. Бұл тізімде көрсетілген мамандықтардың ҰБТ-2017-дегі таңдау пәндерін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынып, мақұлдаған.
Бұл – әлі де толық тізім емес. Өйткені мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай Оқу-әдістемелік бірлестіктері әртүрлі ЖОО-да болғандықтан, сол мамандықтардың тиісті таңдау пәндері де сол ЖОО-да анықталады.
Қазіргі кезде “Білім”, “Гуманитарлық ғылымдар”, “Құқық”, “Өнер”, “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес”, “Жаратылыстану ғылымдары”, “Техникалық ғылымдар және технологиялар”, “Ауылшаруашылық ғылымдары”, “Қызмет көрсету”, “Әскери іс және қауіпсіздік”, “Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)”, “Ветеринария” салалары бойынша мамандықтардың ҰБТ-2017-ге ұсынылатын таңдау пәндері нақтыланып жатқаны белгілі.
Бұл мамандықтардың ҰБТ-2017-де болатын таңдау пәндері анықталған кезде Сіздерге міндетті түрде хабарлайтын боламыз.
Қазірше қолымыздағы ең соңғы, бүгін ғана алынған мәліметтерді Сіздермен бөлісуге асығып отырмыз.
Сонымен ҰБТ-2017-да болатын кейбір мамандықтар мен таңдау пәндері мынадай (мамандықтар бойынша толық ақпарат алған кезде жедел түрде жариялайтын боламыз):
Гуманитарлық ғылымдар:
“5В020100 – Философия” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
“5В020200 – Халықаралық қатынастар” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В020300 – Тарих” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
“5В020400 – Мәдениеттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В020500 – Филология” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі және әдебиеті, Тарих
“5В020600 – Дінтану” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
“5В020800 – Археология және этнология” мамандығы, таңдау пәндері – Тарих, География
“5В020900 – Шығыстану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
Өнер:
“5В042200 – Баспа ісі” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан 2-ші шығармашылық емтихан
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес:
“5В050100 – Әлеуметтану мамандығы”, таңдау пәндері – Математика, География
“5В050200 – Саясаттану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В050300 – Психология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, География
“5В050400 – Журналистика” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
“5В050500 – Аймақтану” мамандығы, таңдау пәндері – Шет тілі, Тарих
“5В050700 – Менеджмент” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“”5В051100 – Маркетинг” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В051300 – Әлемдік экономика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В051400 – Қоғаммен байланыс” мамандығы, таңдау пәндері – 1-ші шығармашылық емтихан, 2-ші шығармашылық емтихан
“5В051500 – Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету” мамандығы, таңдау пәндері – Қазақ (орыс) тілі, Тарих
Жаратылыстану ғылымдары:
“5В060100 – Математика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060200 – Информатика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060300 – Механика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060400 – Физика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060500 – Ядролық физика” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В060600 – Химия” мамандығы, таңдау пәндері – Химия, Физика
“5В060700 – Биология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, Химия
“5В060800 – Экология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, География
“5В060900 – География” мамандығы, таңдау пәндері – География, Математика
“5В061000 – Гидрология” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
“5В061100 – Физика және астрономия” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
“5В061200 – Метеорология” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, География
Техникалық ғылымдар және технологиялар:
“5В070100 – Биотехнология” мамандығы, таңдау пәндері – Биология, Химия
“5В070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу” мамандығы, таңдау пәндері – Математика, Физика
ҰБТ-2017-дегі мамандықтар мен таңдау пәндері бойынша өте құнды мәліметтерді алуымызға қолғабыс көрсеткен:
– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұловқа;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сағатбек Медеубекұлына;
– Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Назгүл Тұрсынбайқызы Шынғысоваға
Сіздердің аттарыңыздан шын жүректен алғысымызды айтамыз!
– Дейді Ұстаз Мырзантай Қожабайұлы Жақып әлеуметтік желідегі парақшасында.

3 COMMENTS

  1. Ағалшын тілі мұғалімі болу үшінде ағылшын тілі және тарих тапсырылама?
    нақты қандай тарих?
    екініші таңдау пән артықша сияқты, өтееее қиын!!!

  2. Ағылшын тілі мұғалімі болу үшін ағылшынға тарих қосылама ?? неліктен?
    екінші таңдау пәні артықша емес пе?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version