Home Ұстаз үні Ендi мұғалімдер үй-үйді араламайды – Ерлан Сағадиев

Ендi мұғалімдер үй-үйді араламайды – Ерлан Сағадиев

1

Бүгін ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында елiмiздiң ұстаздарына өзiнiң тiкелей мiндеттерiнен басқа жұмыстарды iстеуге тыйым салынады, – деді деп хабарлайды Қазбілім порталы тiлшiсi.

«Ұстаздарды өзiнiң қызметiнен басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым салынады. Бұл – үлкен жұмыс. Соған қарамастан бұл iстi қолға алдық. Бiз мұғалiмдер өзіне мiндеттелген жерлердi аралап, талдау жасап, түрлi карточкалар мен жол жүру билеттерiн тарататынынан хабардармыз. Жұмысты ұстаздарды үй-үйді аралатып, статистикалық мәлiметтер жинауға тыйым салудан бастаймыз», – дедi Е.Сағадиев.

Сондықтан, оның айтуынша, министрлік басқа органдармен бiрлесiп, ұстаз еңбегiн осы мақсатта пайдалануға тыйым салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы шығармақ.

«Бiз бүгiнгi күнi қағазбастылықты, жазбаша есеп берудi алып тастай аламыз. Бiрақ, бiрқатар өзектi проблема бар. Бiрiншi кезекте – бұл мұғалiмдердiң тексерушi органдар алдындағы қорқынышы. Бiз мектеп ұстаздарымен және директорларымен сөйлестiк. Олардың барлығы «Бiз журналды жазбаша жүргiзе беремiз, өйткенi қорқамыз» – деді. Мен оларға «Ал егер қағаз журналға тыйым салсам, не болады?» деп сұрағанымда, олар «Онда бiз түнде жазып отырамыз. Себебi, бұл ақша, ертең бiздi оңдырмайды» деп жауап бердi», – дедi Сағадиев.

Сондықтан, министр мұғалiмдер қорықпас үшiн тексерушi қаржы органынан жазбаша есеп сұрау құқығын алып тастауды көздеп отыр. Осы мақсатта ведомство Қаржы министрлiгi мен Бас прокуратурамен бiрлесiп арнайы хат немесе бұйрық дайындамақ.

«Бiз қаржы министрiнен, ереже бұзылған жағдайда, осы iспен өзiнiң айналысуын өтiндiк. Себепсiз тексерiстерге Қаржы министрiнiң өзi жауап бередi. Бұл бiз үшiн аса маңызды», – дедi министр.

1 COMMENT

  1. Енді бағалауды өзгерту керек 100 пайызға жəне ай сайын ба тəуелсіз тексеріс болып қорытынды баға шығарылса ол баға мұғалімге ешқандай əсер етпеуі керек

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version