10 наурыздан бастап республиканың жоғары оқу орындарына түсу нысанының бір түрі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініштер қабылдау науқаны басталды.
ҰБТ-ға қатысатындар (ерікті түрде):
-
осы жылғы мектеп бітірушілер;
-
қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілер;
-
республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;
-
жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздар;
-
жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
-
АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;
-
халықаралық мектеп бітірушілер.
Талапкерлерден өтініш білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.
Өтініш беруге қажетті құжаттар:
-
жеке басын куәландыратын құжат;
-
2 фотосурет (3х4 өлшемді).
Өтініштер деректер базасына енгізілгеннен кейін талапкерге берілетін құжаттар:
-
мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;
-
тестілеуге кіруге рұқсаттама.
Тіркеу анықтамасынан талапкер тегі, аты, әкесінің атының дұрыс жазылуын тексеруі қажет. Бұл мәліметтер сертификатқа және білім беру грантының куәлігіне жазылады.
ҰБТ-ға өтініш қабылдау 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында жүргізіледі.