Білім саласынының бағыт қалыптастырушы мемлекеті Финдляндия тағы да жаңалық енгізіп отыр. Енді мектептерде пәндер болмайды. Олар мектептегі пәндерден 2020 жылға дейін мүлдем бас тартпақшы.
Адамзаттың қазіргі таңдағы білім беру жүйесі кезінде индустриялдық процесстерге лайықталып жасалғанын, ондай жүйеде білім беруде конвейір секілді бір стандарттағы мамандарды шығаруға дағдыланған болатын. Ал қазіргі ғылыми-техникалық даму, жаңаша принциптерге сүйене отырып, ақылды-смарт мамандарды шығаруға бағытталып отыр. Бұл ойдың ең алғашқы болып Кен Робинсон еңбектерінен жақсы танып білуге болады.
Әр мәселегені жеке түрде қарастырып, оған өзінің шығармашылық ойын қосып, өз шешімін бере алатын мамандар өмір бағытын жолбасшы мәртебесіне ие болады.
Тақырыптық білім беру бағытын ұстанып отырған Финдляндия тақырыптық блогтар арқылы, оқушыларға мектептегі алып жатқан білімнің шынайы өмірге тікелей қатысы бар екендігін көрсетуді көздеп отыр. Сол арқылы, жастардың үлкен өмірге барынша дайын болуын тереңнен қарастырады.
Бұл недеген құбылыс? – деген сұраққа нақты мысалмен жауап беріп көрейін. Мысалы: Тақырыптық блогтың айдары: “Европаның ауа-райы” – бұл жерде оқушылар сол жердің картасында, елдердің ауа-райын, географиясын, экономикасын қоса үйренеді. Яғни, оқушының толық “картинаны” көз алдына елестетіп, шынайы білім алуға қадам басады. Мұнда көріп тұрсыздар, ұстаздарға қойылатын талап та өте жоғары.
Бұл жүйенің оқушыларға берері көп екендігін байқаған боларсыз. Бірақ, оған жан-жақты дайындықпен барған жөн.
Әрине, осы жаңалықты оқығанымызда әркім ойына келгенін жасаса, одан қандай білім болады, білім беру ойыншық па, пән болмайды деген түрлі ойлар келетіні заңдылық. Тіпті, мектеп бітірушілер бәрі бірдей мамандық алатын бола ма? – деген де сұрақ мәселенің маңыздылығын нақтылайды.
Негізі енгізуден алдын тыңғылықты дайындық керегі анық. Бірақ, ондай болмақ қайдан демей, болуға тырысу керек деп ойлаймын. Тақырыптық білім беру жүйесі әрине, өте құптарлық іс. Бұл бағдарламамен жұмыс істеу үшін алдымен ұстаздар жан-жақты арнайы тақырыптық бағытпен дайындалу керек.
Тақырыптық білім беру енгізілген жағдайда қазіргі беріп жатқан біліміміздің өмірге қолданысы қаншалықты маңызды екенін білуге мүмкіндік туады. Сонда ғана кемшіліктеріміз айқындалып, тек қажеттілікпен айналысар едік. Оқушы қызығушылығы деген ұғымнан көрі, қажеттілік пен пайдалыға бас ауыртар едік. Оқушыны сабаққа “Қалай қызықтырамын” емес “келесіде тағы не тапсам болады” деп білім үйрету сабақ үйретуші ұстаздың да білім дәрежесін өмір ағымынан тыс қалмай ізденуіне мүмкіндік береді.
Бұл мәселені жан-жақты қарайтын болсақ, мысалы, дәрігерді алайық. Сіздің бір мүшеңіз ауырса сол ауырған жердің дәрігеріне барасыз. Ол тек сол ауырған жерді емдеп ауруын басу ушын түрлі дәрі береды. Бырак сол дәрілер басқа бір мүшенің әлсіреуіне әкеледі. Сондықтан, қазырде дәрігерлердің де мамандықтарын косып, тақырыптық білім берілуде.
Оқушыға тек бір жақты қараудан көрі жан-жақты ой салып, ойын дамыту керек. Бұл тенденция әлемде басталып жатыр, біз бұл көштен қалмауымыз керек деп ойлаймын.
Казыргі таңда спиральді оқыту жүріп жатыр ғой. Сонда жылда бір тақырып өтіледі, бірақ сынып жоғарылаған сайын тақырып күрделене түседі. Тақырып бойынша оқыту кезінде әрбір тақырып оқушының жас ерекшелігіне сай беріліп, өмір танымы артады. Қазіргі таңда балалар кітапқа қарауды мүлдем қойып бара жатқан сияқты, көзбен көріп, қолмен ұстайтын дүниеден көп болса, сапаға ұғындыру және есте сақтауда қызығушылықтары артады.
Білім саласы сол баяғы индустриальды экономикаға лайықталған қалпы келе жатыр. Ал қазіргі смарт экономикаға смарт білім жүйесі қажет. Смарт жүйені қолдануды балабақшадан бастаса, бұл бір үзілмейтін цикл болады.
Қолайлы көшу үнемі конструкциялық құрастыру болып келеді. Тәуелсіздік жылдары көзден таса қалып отырған, пәнді өмірдің қызықтарымен байланыстыру жолы мұндайда қаланатын кірпіштей тиімді болар еді. Мысалы, “занимательная физика, .. математика, … химия”, ” химия в быту” дегендей мақалалар жиынтығы түріндегі кітапшаларды шығаруда педагогика саласында, жапондардың сандырақ ойларды сатып алып жатқанындай, табыс көзі ретінде қызықтырса.. Республика деңгейінде мұндай материалдарды жинақтайтын электрондық портал Ұлттық қамбадай ұйымдастырылып сараланса.. Әр мәселенің кішігірім шешімдері хэштег сияқты бірнеше бағытта сілтемеленсе, тақырыпқа қатысты материалдарды жинап алу жеңілдеп жұмыс жағымды да жылдам жүрер еді.
Егер ұстазды бюрократия мен артық жүгірістерден босатып, жалақыларын 200-250 мың деңгейінде жасар болса, көптеген өзгерістерге жол ашар еді. Жетістікке жеткен адамдар ғана, табысты адамдарды тәрбиелей алады.
Енді осы саланың ең басты сұрағы – Оқушы мектептен не алып шығу керек?
Білім алу процессінің түпкілікті «продукты», адамның тіршілігіне азық болар «өмірдің өзі жоба» – «life is a project» атты өзінің армандаған жобасын жүзеге асыруға дайындау деп білем. Яғни, мектептің басты мақсаты оқушының алдыңғы өмірінде жүзеге асыратын жобасын дайындап, соған байланысты білім мен дағдыларды қалыптастыру. Барлық дидактикалық көрнекі құралдар жеке тақырыптарға лайықталып жасалынып, тәлімгердің жеке қасиеттерін дамытуға бағыттау тиіс деп ойлаймын. Әрине, бұл өзгерістердің басты драйвері ұстаздар қаумымен осы бағытты тыңғылықты талқылап, жаңа парадигмада мектептің келбетін қалыптастыру қажет. Техникалық жарақтанудан бұрын, адами ресурстарымыздың ойлау жүйесіне сіңдіре білу абзал. Сондықтан да біздің Білім және инновация ұлттық палатасының басты миссиясы еліміздегі ұстаздар қоғамын әл-ауқаты жетік және заманауй біліммен «қаруланған» мықты тап ретінде қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатымыз орындалған кезде ғана, мемлекетіміз дамыған елдер қатарынан көріне алады.
Айдарәлі Раманов. «СЕРПІН» ҰЛТТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ