Home Керекті кеңес ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ TASK-BASED ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ TASK-BASED ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

0

 Аннотация

Берілген мақалада шетел тілі сабағында оқушыларға task-based әдісі арқылы оқытудың ерекшеліктері, маңыздылығы, жолдары қарастырылады. Оқушылар өзге тіл өкілдерімен түсініп, еркін қарым-қатынас жасауды үйренудің ерекшеліктерімен қоса маңыздылығын, сонымен қатар жүйелі оқыту барысында ғанақол жеткізуге болатындығы баяндалады.

Кілттік сөздер: task-based әдісі арқылы оқыту, коммуникативтік тәсіл, жаңа педагогикалық тәсілдер, ағылшын тілін оқыту әдісі.

ҚазақстанРеспубликасының Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы және “Қазақстан 2050” стратегиясында- Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30  мемлекеттің қатарына кіру үшін барлық экономикалық әлеуметтік сала бойынша ауқымды серпіліс жасау керектігін алға тартқан. Осыған негізделе отырып, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық  бес бағытын анықтаған. Бірінші бағыт- адами капиталды дамыту, соның ішінде білім беруді және бірегей қазақстандық мәдениетті дамыту  мәселесі болып отыр. Экономиканы жаңғыртудың, дамудың ғылымды көп қажет ететін моделін қалыптастырудың басты қозғаушы күші елдің адами капиталы болмақ. Сондықтан, дамыған – 30 елдің қатарына кіру үшін ең өзекті мәселелердің бірі- білім беру әдістемелерін жаңғырту арқылы заманауи білім беру мәселесі [1].

Осыған сәйкес, еліміздің білім беру жүйесінде біршама өзгерістер орын  алып жатыр.  Соның ішінде, “2050 жылға қарай Қазақстандық мектептердің түлектері қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеретін болады” делінген. Осыған байланысты, жоспар бойынша педагогикалық шеберліктің және білім беру технологиясының үздік әлемдік практикалары енгізіліп, білім берудің барлық деңгейлерінде АКТ, жаңа білім беру технологияларын белсенді пайдалануды көздейтін жаңа педагогикалық тәсілдер, оған қоса «E-learning» енгізілетін болады.

Әсіресе, ағылшын тілін үйретудегі жаңа педагогикалық әдістердің қолдану мәселесі маңызды болып отыр. Себебі, жоғарыда аталған стратегиялық бағытқа қол жеткізу үшін, дамыған елдердің тәжірбиесін, практикаларын енгізу үшін ағылшын тілін жетік меңгеру қажеттілігі туындайды.

Қазіргі таңда орта және жоғарғы білім беру орындарында ағылшын тілін үйретудегі көптеген әдіс-тәсілдер қолданыста болғанмен іс-жүзінде орта және жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында ағылшын тілін жетік меңгердім деген оқушы, студент өте сирек кездеседі. Бұл жағдай, қолданыстағы ағылшын тілін үйретететін әдіс тәсілдердің тиімсіздігін көрсетіп отыр. Сондықтан, әлемдік тәжирбиедегі ағылшын тілін үйретудегі озық әдіс-тәсілдерін зерттеп, қолданысқа енгізу мәселесі өзекті болып отыр.

Шетел тілін task-based әдісі арқылы оқыту нақты тілді пайдалану және тілді үйрену барысында оқушыларға қызықты тапсырмалар беріліп, тіл үйренуге деген қызығушылығын артыруға назар аударады. Мұндай міндеттер, дәрігерге бару, сұхбат жүргізу, немесе көмек алу үшін клиенттерге қызмет көрсету орталығына қоңырау шалуды қамтуы мүмкін. Бұл оқыту әдісін мақсатты тілді еркін меңгергендігін және оқушылардың сенімін дамыту үшін қолданылыды. Task-based әдісі коммуникативтік тәсіл ретінде оқыту барысында қолданылады. Егер де шетел тілі сабағында оқушылар «саналы» түрде тапсырмаларды орындап, күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданса, жаңа тілді үйрену өте оңайға түсер еді. Мұндай әдіс-тәсілге task-based әдісі тапсырманы тура сәйкес келеді. Оқушыны шын өмірде болатын оқиғамен ұштастырып, сол мезетте оның іс-әрекетін талқылау арқасында шетел тілін тез және сапалы үйренуіне үлес қосады. Әрине, мұнда сол тапсырманы орындау шарттары маңызды, ал грамматикасымен лексикасы кейінрек талданады. Құрылымын емес, тапсырманың орындалуы мақсат болып табылады. Бірақ тапсырма дұрыс және жүйелі орындалуы үшін әрбір оқушының ойы тиянақты, түсінікті болуы қажет. Коммуникация құралы, яғни тілдің жақсы меңгерілуі қарым-қатынаста, пікір алысқан кезінде ой-өрісінің барлығына дерлік түсінікті болуына әсер етеді. Осының арқасында, оқушылар бір-бірімен шетел тілінде сөйлесіп жеке әлемде практикалық жағын дамытады. Басты мақсатымыздың бірі осы болып табылады. Берілген әрбір тапсырмаға тек дұрыс бір жауабы болмайды. Сабақ барысында ойындарды енгізіп, белгілі туындаған мәселені шешу мақсатында, бір-бірімен ақпарат алысу арқылы тілді үйрену одан да оңай болып көрінеді.

Оқушыларға берілген сөздер тапсырмаға сәйкес келмеген жағдайда оларды сөз арасына қосып айтуы шарт емес. Ол тек сөздерге байланысты емес, сонымен қатар белгілі оқиғаларда берілетін тіркестерге де қатысы бар. Сабақ барысында көптеген ойындарда оқушылар тек өздеріне берілген рөлдерді сомдап, соның тапсырмасын шешіп қана қоймай бір топқа берілген тапсырманы бір адамдай шешіп белгілі уақыт аралығында аяқтаулары тиіс. Негізінен, мұғалімдер белгілі көптен бері қолданылатын әдісті қолданса, онда ол мұғалім оқушыларға өз пәнін қалай түсіндіре білу керек екенін білмейді, себебі әр адамның өз ойын жеткізу, яғни сабақ түсіндірудіңжекелеген тәсілі бар. Олар тек белгілі, бұрыннан қолданыста бар тапсырмаларды оқушыларға беріп,пәнге деген қызығушылығын төмендетеді.

Сабақ барысында оқушылар жаттығуларды орындап қана қоймай, оны белгілі оқиғаларға, сабақ барысында өз еркімен қолдануы тиіс. Бұл әдіс оқушының максималды түрде жылдамдығын арттыруға бағытталған. Оның қандай тапсырма болмасын ереже бойынша ғана емес, сонымен қатар спонтанды түрде әрекет етуге, жауап беруге негізделген. Соның нәтижесінде, студент өзіне тәжірибе жинай отыра шетел тілін жітік меңгеруге жағдай жасайды. Әр мұғалім әр студентке осындай мақсат қою арқылы олардың тілді тез және сапалы меңгерілуін қамтамасыз етеді. Сонымен әдістің негізі практика жүзінде шетел тілін үйрету болып табылады.

Шетел тілін task-based арқылы оқыту тарихын Үндістанның Бангалор қаласындағы ғалымН.Прабху толық зерттеп, сол арқылы әлемге танымал болды. Осы салада басқа да Дэвид Нунан, Тереза Пико, Мартин Ист, Майкл Лонг және Род Еллис сияқты т.б ғалымдар зерттеу жасады.

Н.Прабху оқушылар тіл үйрену үшін лингвистикалық тәсілден қарағанда күнделікті өмірде қарапайым тілде меңгеру жеңіл әрі қызықты деген тұжырым айтты.Шетел тілін task-based әдісі арқылы оқыту үдерісі оқышыларға маңызды дағдыларды үйретеді. Оқушыларөзара және топтардың шеңберінде жұмыс жасауды, келіссөздер жасауға, сұрақтар қою білу сияқты жолдарын үйренеді. Бұл топтық жұмыс арқылы, олар кез-келген шешімдердің жолдарын қарастыруды үйрену және шешімдер қабылдауқабілетін арттырады[2].

Дэвид Нунан, оқушыларға берілген тапсырманың негізі, оны түсіну, бойынан өткізіп, сараптап, талдап оқытылып жатқан тілмен ұштастырылуы деп қарастырады. Қазіргі кезде, «тапсырма» деген ұғымның көптеген жаңашыл анықтамалары бар. Сондықтан да, сабақ жоспары бойынша берілген тапсырмалар, яғни оқулықтан алынған және жүйеден тыс тапсырмаларды ажыратқан дұрыс [3].

Лонг task-based әдісіне арналған тапсырмалардың орындалуына бірнеше мысал келтірген: күнделікті өмірде қайталанатын іс-әрекеттер (жұмыста, демалыс кезінде, солардың аралығындағы уақытта). Мысалы: аяқ-киім сатып алу, ұшақпен ұшу үшін билетке тапсырыс беру, анкеталарды толтыру, көлік жүргізу үшін емтихан тапсыру, хат жазу, есеп-шотты шығару, жоғалып кетсеңіз таныс емес адамнан жол сұрау. Осы тапсырмалардың шешімін табу барысында шетел тілін қолданса, онда  күнделікті өмірде тілдің  жетік меңгерілгеніне көз жеткіземіз. Мұндай нәтижелердің болуы әдістің ерекшеліктерін және қойылған мақсатқа жедел жету ықтималдығын арттырады. Мысалы, болған тапсырмалар мен жағдайлар сабақ барысында да қолданылуы мүмкін [4].

Дэвид Нунанның ойынша тіл үйрену әдісі екіге бөлінеді. Олар шынайы өмірде қолданылатын практикалық әдіс, яғни адамдар қарапайым қарым-қатынаста тілдесу арқылы байланыс жасау, емоциясын жеткізу, бір-бірін түсіну және педогогикалық әдіс дәлірек айтқанда сыныпың ішінде теориялық түрде өтетін әдіс.Сыныптапайдалануғаболатын task-based әдісіне мысалдар.

 

Complete the activity below to explore ways to practice grammar and communication in a task-based manner. In your opinion, would these tasks be motivating for students? Why or why not?

Write the past tense form of these verbs: go, is, are, do, have, work, study, buy, pick, make, put, read.

Grammar Activity

Now think of four things you did yesterday. Write sentences in the blanks.
First I got up and _____________________________________________
Then, _______________________________________________________
Next, _______________________________________________________
Finally, ______________________________________________________

Communicative activity

Write three hobbies or activities you like/like doing.
1._______________________________________________________
2._______________________________________________________
3._______________________________________________________

Ask each person in your group what they like / like doing. Decide on a suitable gift for each person [5].

Қoрытa кeлe aйтa кeтeтiн бoлcaқ, task-based әдici aрқылы жүргiзiлгeн caбaқтың ұтымдылығы: caбaқ бaрыcындa cыныптaғы oқушылaрдың бaрлығын caбaққa қaтыcтыру, уaқытты ұтымды пaйдaлaну, бiр уaқыттa oқушылaрдың бiлiмiн тeкceру, oқушылaрды  өз aрaлaрындa қaрым- қaтынacқa түciру, oқушылaрдың өз oйын aшық aйтa бiлугe жeтeлeу, oқушының oй қoрытa бiлу дeңгeйiн көтeругe жәнe шығaрмaшылық қaбiлeтiнiң өcуiнe жeтeлeйдi.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР:

  1. ҚазақстанРеспубликасының «Білімтуралы» Заңы. – Алматы, 2008.
  2. Prabhu, N. S. (1987).“Second Language Pedagogy”. Oxford University Press. Retrieved 18 January 2013.
  3. Nunan, D. (2004)Task-based Language Teaching. Cambridge University Press, 2004
  4. Long, M. (1985). A Role for Instruction in Second Language Acquisition. Clevedon Avon: Multilingual Matters.
  5. Exericesadpated from David Nunan, The English Centre, University of Hong Kong, December 2001

Өмірбек.А. “Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің Шетел тілі: eкі шет тілі” мамандығы студенті. 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., профессор Д.X.Бaйдрaxмaнoв.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version