Legatum Institute халықаралық зерттеу орталығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша гүлдену индексін жариялады, онда 149 мемлекеттің ішінен барлық параметрлер бойынша Қазақстан 72-орынға ие болды.
Рейтинг Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Дүниежүзілік Сауда ұйымы, Gallup, Economist Intelligence Unit, IDC, Pyramid Research ұсынған статистикалық деректер бойынша жасалған. Индекс экономика, кәсіпкерлік, басқару, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, жеке бостандық, әлеуметтік капитал, экология секілді қоғам өмірінің аспектілері мен қоғамдық әл-ауқаттылық параметрлерін көрсететін көрсеткіштер негізінде шығарылған.Бұл зерттеуге Қазақстан 2006 жылдан бастап қатысады және осы уақыт бойы біз 20 орынға жоғарыладық, ал өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан 83-орыннан 72-орынға, яғни 11 позицияға алға жылжыды.
Қазақстанның гүлдену индексіне келтірілген түсініктемелерде Қазақстанда білім деңгейі мықты екендігі көрсетілген. Бұл еліміздің әрдайым Білім санаты бойынша 40 мықты елдер қатарында болуымен дәлелденеді. Мемлекетіміз Орталық және Батыс Азия бойынша білім саласында үздік деп танылды және 2011 жылы ЮНЕСКО «Баршаға арналған білім» индексінде бірінші орын алды.
Есепке сәйкес Қазақстандағы білім деңгейі орташа әлемдік деңгейден және оның өңірлік құрдастары Тәжікстан мен Қырғызстан деңгейінен әлдеқайда асып түседі.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
Керемет