Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл тұғыры-2018» байқауының қорытындысы жарияланды.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосқан үшін республикалық “QAZBILIM” оқу орталығының директоры Аятжан Ақметжанұлы марапатталды.
Айта кетейік, «Тіл тұғыры-2016» байқауы Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасымен тұңғыш рет ұйымдастырылып тұсауы кесілген болатын. Мақсаты – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту әрі насихаттау. Өзге байқаулардан ерекшелегі – жеңімпаздар арнайы мониторинг арқылы іріктелді.