Елбасының биылғы дәстүрлі жолдауында білім және ғылым министрлігіне “педагог мәртебесі” туралы заң қабылдауды тапсырған еді. Осы тапсырмаға байланысты білім және ғылым министрлігі өзінің физбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына төмендегідей ақпарат ұсынды:
Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде. Осы заң жобаларын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылды.
Мектеп, колледж, ЖОО педагогтарын, мемлекеттік органдар өкілдерін, ата-аналарды әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. ҚР БҒМ барлық мүдделі азаматтар мен заңды тұлғаларды шақырады.
Заң жобалары әзірленген соң, Министрлік барлық аймақтарда осы заң жобаларын талқылау мақсатында жұмыс тобы мүшелерінің педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлауда.
Осы заң жобаларына қосар ұсыныстарыңызды bilimdiel.project@mail.ru электронды адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.
Ұсыныстар http://edu.gov.kz/ru/index.php ,www.bilimdinews.kz электронды ресурсының «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылаудамыз» бөлімінде және республикалық «Білімді ел» газетінде жарияланатын болады.
Осыған байланысты “ҚАЗБІЛІМ” ақпараттық порталы да ұстаздардың аталмыш заңға ұсыныстарын күнделікті жариялап, қоғам назарына ұсынуды жөн көрді. Заңға байланысты ұсыныстарыңыз болса жүйелеп, kazbilim@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҰСЫНЫС
Білім саласының қазанына отыз үш жыл қайнаған адам ретінде өзімнің көңілге түйген ұсыныстарымды жеткізуді жөн көріп отырмын.
Кез-келген мамандықтың мәртебесін көтеру сол мамандықта жұмыс жасап жатқан адамның еңбегін бағалаудан басталады деп ойлаймын.
Ал мұғалімдік еңбек өте күрделі – еңбек. Оның ерекшелігі, еңбегінің нәтижесі күнбе-күн немесе жылма-жыл көрінбеуі мүмкін. Сондықтанда мұғалімдердің еңбегі дұрыс бағаланбай жатады.
Бір ғана мысал келтірейін. Білім саласында қырықтан астам жыл еңбек еткен, жоғарғы білімді, жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімін зейнеткерлік жасқа шыққан кезде аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасы, азын-аулық ыдыс-аяқ сыйға тартып шығарып салуы көңілге қонбайтын көрініс. Бұл дұрыс емес. Мұндай көрініс бізде ғана емес барлық жерде бар деп ойлаймын. Әсіресе ауылдық жерлерде көп кездеседі. Өйткені, дәл осындай жағдай өзім жұмыс жасаған мектепте екі-үш рет қайталанды. Осы жағдайды «Мұғалім мәртебесі туралы заңда» бір жүйеге келтіру керек.
Жоғары білім алып мұғалімдік еңбек жолын бастаған жас маман 21-22 жаста болады деп есептесек зейнеткерлік жасқа жеткенше 40-тан астам жыл жұмыс жасайды екен.
Осындай кезде мұғалімнің ұзақ жылғы еңбегін дұрыс бағалау керек сияқты.
Сондықтан:
– 35-тен жоғары жыл тұрақты білім саласында үзбей еңбек жасаған адамға «Білім саласына еңбегі сіңген ұстаз» төс белгісін беру;
– 30 жылдан жоғары еңбек етсе «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісін беру;
– 25 жылдан жоғары еңбек етсе «Ұстаз даңқы» төс белгісін беру;
– Жақсы жұмыс жасап, жақсы нәтиже көрсеткен жастарды аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі марапатпен кезек күттірмей марапаттап, «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісіне дейін беру; (Жас қой кейін алады деп шегеруге болмайды. Бізде ондай жағдай көп. Жастардың да еңбегін дер кезінде бағалау керек.)
– Бұрынғы 25 жылдық еңбек өтілмен зейнеткерлікке жіберуді қалпына келтіруді ұсынамын.
Жиырма бес жылдан артық тер төгіп еңбек еткен мұғалім ақырындап елу жасқа аяқ басады. Жас кездегідей қарқын болмайды. Бірақ тәжірибе бар. Көп мұғалім жасы келген кезде: «Жас кезімізде істедік енді жастар істесін» дегенге сайдырады. Өйткені, еткен еңбек бағаланбады. Енді ақырын жүріп, зейнеткерлікке шықсақ болды дейді. Дәл осы кезде қолдау көрсетіп, көп жылдық еңбегін бағалап, еңбек өтіліне сай марапаттау жасаса мұғалім де аянып қалмасы анық.
Ұзақ жылдар еңбек еткеннен кейін көп мұғалімдер денсаулықты жоғалтады. Әсіресе нерв жүйесі тозады. Ұмытшақтық, ашуланшақтық, қалтырауықтық тағы басқа көптеген ауырлардың нышаны пайда болады. Бұлар – жеңіл түрлері. Кей жағдайда оқушыларына күлкіге айналуы да кездеседі. Осындай кездерде көп нәрсеге нерв жүйесі шыдас бермей қалатын, оқушыларына әртүрлі сөз айтып қалуы, қатты ұрмаса да қол тиіп кетуі мүмкін. Соңғы кездерде мұндай оқиғалар жиі кездесе бастады. Зейнеткерліке кетейін десе жасы жетпейді. Басқа жұмысқа ауысуға мүмкіндік жоқ. Жасы келіп қалған адамды кім жұмысқа ала қойсын. Дәл осы жағдай білім саласын бүгін үлкен тығыраққа тіреп тұр. Сондықтан бұдан шығатын жалғыз жол – 25 жылдан кейін 75 пайыздық көрсеткішпен мұғалімдерді зейнеткерлікке жіберу. Жалпы мұғалімдерді 63 жасқа дейін ұстау дұрыс емес. Бұл білім сапасына да үлкен әсер етеді. Бәріне бірдей топырақ шашпайын. Бірлі жарым денсаулығы қалыпты, жақсы сақталған адамдар кездесер. Шәкірттеріне беретіні мол болса, мектепте орын болса құба-құп, ондайда жұмыс жасатуға болады. Мұндай жағдай өте аз, сирек кездеседі. Көбінде құтыла алмай қиналып жүрген мұғалімдерді көп кездестіресіз.
Ауылдық жерде жұмыс жасайтын мұғалімдердің әлеуметтік жағдайына баса назар аударған дұрыс. Әлеуметтік өтемдер үшін жылына 1000 теңге бөлу – күлкілі. Оның өзін соңғы жылдары әкімдер алып тастады. Оның сыртында әр түрлі вариативтік сабақтарды жергілікті бюжетті үнемдеу мақсатында әкімдер төлемейді. Оны мұғалімдерге тегін үйретуге тапсырады. Тегін жұмысты мұғалім жүргізгісі келмейді. Сондықтан мектеп әкімшілігі өтірік құжат толтыруға барады.
Білім беру саласының бюжетін жергілікті әкімшілікке қарату – мұғалімдерді қосымша жұмысқа тартудың үлкен бір себебі. Біз ақша төлеп отырмыз деген желеумен мұғалімдерді қыспаққа алу, ақысыз демалысқа мәжбүрлеп өтініш жаздыру сияқты мұғалімнің жағымсыз іс көрініс бар.
Сондықтан мұғалімдерді әлеуметтік жағынан қорғауды жергілікті әкімшілікке тапсырмай тура мемлекеттік бюжеттен қаржыландыру керек.
Қазір біздің мұғалімдердің арасында арнайы орта білімнен кейін жоғарғы білім алғанда басқа мамандық бойынша алып, дәл жұмыс істеп жүрген мектебінде ол мамандығы болмай қалғандықтан бұрынғы мамандығы бойынша сабақ береді. Мысалы: Бастауыш сыныптың мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі бойынша жоғарғы білім алды. Қазақ тілі мен әдебиетінен орын жоқ. Бастауыш пән мұғалімі бойынша сабақ бергенде оның білімін арнайы орта деп көрсету қаншалықты дұрыс. Менің ойымша, бұл да есепшілердің бюжетті үнемдейміз дегеннен ойлап тапқан дүние. Осындай даулы сұрақтардың барлығын жан-жақты ойластырып заңда бір ізді болдырса жақсы болар еді.
Сонымен бірге біздегі заңдардың бәрі бірінші орыс тілінде жазылып, соңынан қазақ тіліне аударылуда. «Мұғалім мәртебесі туралы заңды» міндетті түрде мемлекеттік тілде, қазақ тілінде жазуды ұсынамын.
Астана қаласы 23 қазан 2018 жыл
Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Талғат Әнуарбекұлы
Педагог мәртебесін айқындайтын заңға енуі тиіс баптар:
- Білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен ҚР Білім және ғылым Министрлігінің құзіретіне өткізу керек (Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде, “Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік адамды құлдықта ұстаған қылмыскермен” теңестіріліп, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс” деп көрсету керек).
- Мектеп мұғалімінің орташа жалақысы Парламент Мәжілісінің депутаты мен министрдің жалақысының кем дегенде 70 %-на тең болуы тиіс. (Жалақының жоғары болуы мамандыққа деген бәсекені күшейтеді. Бәсеке болған жерде сапа болады)
- Ер мұғалімдерді 55 жастан, әйел мұғалімдерді 50 жастан зейнетке шығару керек.
4.Мұғалім қауіпті мамандық болып қалды.
Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс.
- Бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат БАҚ бетінде жариялануы тиіс (Сонда, мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөндеуге ақша жинау қиынға соғатын болады).
– Заң жобасы БАҚ беттерінде ашық талқыға түсуі керек.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ (Шымкент)
Заң жобасында болашақ мұғалімдерді дайындау туралы бөлім бола ма? Болса оны кім дайындайды? Ол бөлімде болашақ мұғалімдердің құқығы, міндеттері, жұмысқа орналасу мәселесі, білімін жетілдіруі, шәкіртақы мәселесі, жатаханамен қамтамасыз ету, әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етуі қаралады ма?
55 жастан зейнетке шығаруды құптаймыз.Содан кейін математика пәні оқушының барлығы дерлік түсіне бермейді.Осы пәнді тілдер және дене шынықтыру сияқты бөліп өткізу керек.Ал,күнделікті тексерілетін дәптерді айтсақ ,ол өзінше бір уақыт.Ал сыныпта 25 -20 оқушыдан.Дәптерге төленетін ақша айтса күлкілі.Одан кейін “Kundelik.kz” сабақта біз күнделікпен айналысамыз ба,әлде баламен ба?Күніне алты сабағы бар мұғалім компьютер алдында алты сағат ,одан кейін жұмысын жазуға тағы отырады.Денсаулықтағы ағзалар күйі қандай деп ойлайсыз?
Колледж мұғалімдері тағы қалыс қалып кетпесін
Балабақша қызметкерлері де қалыс қалмаса екен, балабақша білім ордасының алғашқы баспалдағы, талап мектеп мұғалімдеріне қандай болса, тәрбиешілерге де де сондай.Өзім еңбек жолымды балабақшадан бастадым, әлі жұмыс жасап келем, 30жылдан астам балабақшада жұмыс жасадым. Қазіргі талап – тәрбиеші баламен бірге бала болу керек. Ал енді 63 жастағы тәрбиешіні көз алдыңызға елестетіңіз….Меніңше өте күлкілі және аянышты.Сондықтан зейнеткерлік жасты қайта қарау керек.
40 жылдан астам білім саласында, әсіресе кеңес дәуірі кезеңінде еліміздің солтүстік өңірдегі тарыдай шашылған қазақ мектептерінде жұмыс істеп ,еңбегі бағаланбай елеусіз қалған зейнеткер ұстаздар жөнінде жаңа заң жобасында ескерілуі керек. Бүгінгі ұстаз беделін көтеруді, кешегі елеусіз қалған зейнеткер ұстаздардан бастаған жөн. Кеңес кезінде орыс мектептерінде еңбек атқарған ұстаздарды барынша марапаттау жүргенін жақсы білеміз. Қазақ мектептерінің сақталуына, қазақ тілінің өшпей керісінше дамуына үлес қосқан қазақ мектептерінің қарт ұстаздар еңбегін қайта қараған жөн.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ” Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі ” белгісімен марапатталған ұстаздарға зейнет ақысына қосымша төлем ақы қосуды ескеру қажет. Ы. Алтынсарин төс белгісі соңғы жылдары жаппай беріле бастап, беделі түсе бастады. осы жағдайды ретке келтіру қажет.
Мұғалімдердің зейнетке шығу жасы қаралған дұрыс.Ұрпағыңа апат жасама.Жасы келген сайын көз көруден,құлақ естуден қалады.Өкпесін сүйретіп жүріп жасы келген адам қалай сабақ береді.Мұғалімнің мәртебесін көтерем десең оқушыға мазақ.күлкі қылмай абыроймен ақыл-есі бүтін,қайраты бар кезде зейнеткерлікке жібер.Атағыңа да ,ақшаңа да рақмет.Абыроймен ,”ұстаз деген ұлағатты есімді”қастерлеп сөзіңді мыжымай,қалтаңдамай мектептен кеткенге не жетсін!55 жасты қолдаймын
Білім саласында отыз екі жыл еңбек етіп келемін. Ұстаз еңбегі қиыны мен қызығы қатар жүретін мәртебелі мамандық.Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында қызмет жасап, еліміздің болашақ жас мамандарын мектеп табалдырыңында негізін қалаймыз десек,қазірден бастап мұғалімдерге жағдайлар жасалуы керек деп ойлаймын. Сонда ғана мұғалім мамандығына қызығатын жастар қатары көбейіп, білімді азаматтар қалыптасады. Жастарды мектепке жұмысқа шақырып, оларға қолдау көрсетіліп, орта жастағы мұғалімдердің орнын жас мамандар толықтыруы керек .Ұстаздарды 55 жастан зейнеткерлікке шығу жағдайын қолдаймын.
25 жыл еңбек өтілімімен мұғалімдердің 55 жаста зейнетке шығуын толығымен құптаймын.
Мен де әріптестерімді қолдаймын.Зейнеткерлік жас 55жас болғаны дұрыс.50 жастан кейін адам шаршайды,нервісі тозады,ұмытшақтық кіреді,қан қысымының көтерілуі,не болмаса төмен түсуі қалыпты жағдайға айналып отыр,асқазан аурулары тағы бар,осындай күймен оқушыларға дәріс беру қиынның қиыны.Мен де жоғарыда Талғат Әнуарбекұлының жазған ұсыныс- пікіріне қосыламын,мұғалімдердің пед.өтілдерінің жылдарына қарай төс белгілері берілуін құптаймын.Сөз соңында айтарым,қазіргі таңда оқушыларымыз талапқа сай,жоғары деңгейде білім алсын десеңіздер,жұмысқа жас ұстаздар тартылуы тиіс деп есептеймін.
Сәлеметсіздер ме?! Менің ойымша заң жобасында көрсетілген 30 жыл үзіліссіз еңбек өтілі бар педагогтардың: оның әйелдері – 55 жастан, ерлер – 60 жастан дегенді қолдаймын. «Педагог мәртебесі» заңы тек мектепте ғана емес, сонымен қатар балабақшадағы педагогтарға да қатысты болады деген сеніміміз зор. Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы балабақшадан басталатынын ұмытпасаңыздар екен.
“Педагог мәртебесі” заңында көрсетілген барлық ұсынытарды қолдаймын. Соның ішінде үзіліссіз 25 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар балабақша тәрбиешілеріде 55 жастан зейнеткерлікке шығуын қалаймын.
зейнет жасқа 63 тен шығару дұрыс емес.
Зейнет жасты әйелдерге55жастан,ер адамдарды 60 жастан шығаруды қолдаймын. Бұл жаста адамның денсаулығы кемиді . яғни нашар көреді, буын аурулары, ұмытшақтық т.б.Мұны құр сылтау деп қарамай,63 жасқа дейін сүйретіліп жүру өте қиын.Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы десе мұғалімнің бір салада ұзіліссіз ұзақ 35-40 жыл еңбек еткен мүғалімдерді босату керек.Жыл сайын бітіріп жатқан жас мамандарға жағдай жасап, жүмысқа орналасуы тиіс.Сондықтан 25 жыл еңбек өтіліммен әйелдер 55, ерлер 60 жасқа келсе зейнетке кетуді көп мүғалімдер құптайды деп ойлаймын.
55 жастан айелдерди пенсияга шыгару керек!Зейнет жасын узарту дурыс емес,оны мугалим болган адамдар тусинеди!
Жасым 50-де.27 жыл еңбек өтілім бар. Кәсіби ауруымыз ғой-созылмалы бронхит аяғында астмамен,көру қабілетім де нашар “+3″- есепте тұрамын. Жақында кәсіби біліктілігімді арттырып үстеме ақы алуға тест тапсырдым. Мені қатты қынжылтқаны осы болды. Кітапшада дұрыс белгілегенімді жауап парағына дұрыс түсіре алмағаным.Кім біледі,тест тапсырған жеріміз спорт зал өте суық,қара көлеңке болды. Бір жағы тоңып отырдым,қобалжу да бар,көру қабілетінің нашарлығы да бар білгенімді парақшада дәлелдеп көрсете алмадым.Қағаз бастылық,”жауап парағыңыз дұрыс толтырылмаған,өзіңіз кінәлісіз”-деп аппеляциядан шығарып салды.Аймақ модераторымын, 27 жыл еткен еңбегім,шәкірттерімнің жоғары жетістіктерінің өзі бір төбе, І -деңгейлік бағдарламаның,”Тәжірибедегі рефлексия”-курсы бойынша мектеп тренерлігін,”Сабақты зерттеу”- курсы бойынша мектеп тренерлігін,жаңартылған бағдарламаны игергенім ешбірі де бір тест нәтижесі үшін іске аспай қалып отыр,осы әділдік пе ? Бұл курстарды игеріп қана қоймай сабақ берумен қатар мектепішілік кәсіби қоғамдастықта қаншама әріптестеріме оқу топтарын құрып білгенімді тынбай оқытып,үйретіп келемін,сол еңбегімнің өтеуін қайдағы бір тест шешіп отыр.Мұндай сауатсыз ұйымдастырылған сынақтан кейін қалай жаңа уәжбен жұмыс жасарсың?!Облыстағы ПШО-ның сертификаттарының неге заңды күші жоқ,ол үшін де мен алды 3,4 айдан оқып, МОН өкілдерінің алдында жоба қорғап,еңбектендім емес пе?Білім беру жүйесінде болып жатқан бар өзгерісті құптаймын, ол бізге қажет те,әрине жұмыс болған жерде кемшілік те болады осындай мұғалім мүддесін қорғайтын тұстарын жан жақты терең зерделеуден өткізсеңіздер екен. Мәселен ,ағылшын тілі маманы ретінде TKT,CLIL бағдарламысы бойынша былтырғы жылы 4 ай оқыдым,ризамын. Басқа пәндерден ағылшын тілінде сабақ беретін ұстаздарға (биология,химия,информатика тб.)үстеме бар да бізге жоқ?!Айналайындар -ау біздің әрбір сабағымыз тақырыпқа сәйкес CLIL деңгейінде өтуде емес пе?Елбасымыздың өзі үш тілділікке үлкен мән беріп отыр емес пе,ендеше сол тіл мамандары неге назардан тыс қалуы тиіс?Құдайға шүкір, сабақ беру әдіс тәсіл қоржынымыз да, тілдік қорымызда мектептегі әріптестерімізге қарағанда көш ілгері дамып келдік курстан,бірақ неге екені “сендер,тіл маманысыңдар “-деп мемлекеттік үстемақы төлеуде бізді алалап кейін қалдырып отыр! Осындай ,осындай әділетсіз ,сыңаржақты шешімдер мұғалім ынтасын әрине жерге ұрады. “Педагог мәртебесі туралы”-заңда осындай моменттердің бәрі егжей -тегжейлі зерделенсе екен. Ел болашағы ұстаздың қолында екендігін мойындайтын мемлекет ,ұрпағы үшін тынбай қалтықсыз қызмет етіп келе жатқан қасиетті маман иелерін әділ бағаласа екен….
Қайырлы күн! Мұғалім мәртебесі туралы заңда мына мәселелердің қарастырылуын ұсынамын:
1. Мұғалімдерді ертелі-кеш бітпейтін жиындарға жіберу тоқтатылсын. Залды толтыру үшін білім беру саласына қатысы жоқ жиындарға да бізді жіберіп жатады, осы мәселе шешілсін. Бұл біріншіден, сабақ процесінің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді, екіншіден бізгі тіпті қатысы жоқ.
2. Мектептерде мұғалімдердің барлығы қажетті техникамен, кеңсе құралдарымен қамтамасыз етілсін. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіп жатырмыз, бұл бағдарлама бойынша сабақтың тиімді өтуінің басты факторы техникалық жабдықтар. Дұрыс, берілді ноутбук та беріліп жатыр, интерактивті тақта да бар. Бірақ аудио-видеоны тыңдайтын құрылғы, интернет жоқ. Жиынтық бғалауды алу үшін тапсырманы әр оқушыға шығарып беруіміз керек, оған тағы принтер жоқ. Әр кабинетте көрнекілік құралдар, түрлі-түсті магниттер, түрлі түсті қаламдар тұруы керек, бұл да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.
3. Мектеп және мұғалім баланың ТЕК БІЛІМІНЕ жауап беретін болсын. Олардың сабақтан тыс уақытта, мейрам кездерінде, түнгі уақытта көшеде жүруіне немесе бұзықтық жасауына үйіндегі ата-анасы жауап беретін болсын. Бұл үшін мектеп жауапқа тартылғаны доғарылсын.
4. Үшінші пунктке тағы қосымша, баланың басының биттеп кетуі, киімінің кірлеуі деген т.с. мәселелер тағы ата-ананың жауапкершілігінде болсын, баланың тазалығы мен гигиенасы ата-ананың мойнында.
5. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі Ұстаздар күнінде сыйақы берілетін болсын.
6. “Совместитель” болып жұмыс істеуге тыйым салынсын, бұл мұғалімді екі жаққа алаңдатып, соңында сабақтың сапасының төмендеуіне әсер етеді.
Әрі қарай тағы жалғасы бар) есіме түскенде жазам
ЗЕЙНЕТ ЖАС 63КЕ ДЕЙІН ӘЙЕЛ АДАМДАРЫ ҮШІН ӨТЕ ҚИЫН МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН БІР ТҰРАҚТЫ 30 жылдан кейін мектептен өз еркімен жіберетін кез келді ол ұстаз бір салада үзбей еңбек етіп ұзақ еңбегі сіңді
Мұғалім мәртебесін көтеру өте орынды. Бір кездері төрден орын алған ұстаздар қазіргі қоғамда ең қорғансыз ,көнбіс пендеге айналды. Ата- анадан ,баладан ,қоғамнан түрлі сөз естіген ұстаз-келешек мектептен безетіндей деңгейге жетті.Мұғалім еңбегі әділ бағаланып жатырған жоқ. Оған 33 жыл еңбек еткен менің дәлелім жеткілікті. Мұғалімде бос уақыт деген мүлде жоқ. Сабаққа дайындалу, дәптер тексеру, оқушы күнделігін тексеру, ата-анамен байланыс, қосымша жиын-семинар т.б,оқушының сабақтан соң аман сау үйіне жетуі, демалыс күндергі оқушы қауіпсіздігіне алаңдау, үлгірімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасау, кәсіби іздену … сансыз жұмыстың арасында өз отбасы мен өз денсаулығын ойлауға уақыт таппай жанталасады.Мұның бәрі мұғалімді адами тұрғыдан шаршатса, арасында кабинет шаңын сүрту, кабинетті безендіру, гүлдендіру қаражат жағынан шаршатады.Мұғалім 50-55 жасында (әйелдер) ЗЕЙНЕТКЕ шығуы қажет. Сонымен бірге мұғалім құқығы кез келген жерде тапталмауы керек. Ол мектептің білікті басшысы болуын қажет етеді. Мектеп -құрметті мекеме болуы керек. Сонымен бірге тек педагогтер мәртебесімен шектелмей мектепте қызмет атқаратын техникалық қызметкерлерді оларға қажет құралдармен толық жабдықтап, жалақыларын көтеру қажет.Ал мектептегі педагогтерге теңестірілген тұлғалар-зертханашылар жалақысын көтеру ешкімнің ойына келмейтін сяқты.Сегіз сағат пән мұғалімдерімен бірге( химия, физика, биология) кабинет тазалығынан бастап ,зертханалық құралдарды дайындауда олардың еңбегі ұзақ жылдардан бері 45 мыңмен төленуде. Бұл да министрлік назарын аударатын мәселенің бірі.