Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі әрбір ата-ананың арманы, ал сол арман үшін, әр ата-ана жақсы мектеп іздеп, үйден алыс болса да, тасып оқытуға дайын. Бүгін бала тек мектепте ғана оқып қоймайды, қосымша білімін жетілдіруде, дарынды балаларға арналған мектептерге дайындалуда, ұлттық бірыңғай тестке дайындалуда қазір қосымша білім беру орталықтарының орны да өте маңызды. Сапалы орталықтарды табу, сапалы білім алу әркімнің арманы.
Бүгінде тек қосымша білім берумен ғана емес, білім мен тәрбие үдерісінің барлық бағытына үн қосып келе жатқан 100-ге жуық ұстаздар мен әдіскерлер жұмыс жасайтын іргелі білім ордасына айналып келеміз. Ұстаздық бақыт – ол шәкірттің жетістігі, һәм ата-ананың қуанышы, риясыз алғысы болса керек. Біздің ұжым үш жылда осы бақытқа ие болғанына шексіз бақытты сезінеміз.
Біз үш жылдық жұмысымызбен оқырмандарды таныстыру мақсатында үш жылдағы жетістігімізді жеті бағытқа бөліп көрсетуді жөн көрдік.
- Ұлттық бірыңғай тест
Бүгінде орталығымызда Астана және Алматы қаласындағы орталық бөлімшелерін қоса санағанда 400-ге жуық оқушы ұлттық бірыңғай тестке дайындалып жатыр. Бүгінде біздің орталықта тек Астана және Алматы қаласының ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен сапалы білім іздеген түлектер айлап жатып білім алады. Болашақта бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылады деп сенемін.
- Назарбаев университеті және шетелдік үздік жоғары оқу орындарына дайындық.
- Республика бойынша ұстаздарға арналған әдістемелік семинар–тренингтер
2017 жылы 10-12 ақпан күндері Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында 180 мұғалімге «Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг, 24-25 ақпан күндері Астана қаласы химия пәні мұғалімдеріне «Химия пәнінен олимпиадаға дайындау және олимпиада есептерін шешу» атты шеберлік курс, 13 сәуір күні Алматы облысы Қапшағай қаласы мұғалімдеріне «Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» атты семинар-тренинг өткізілді.
2018 жылы 14-16 ақпан күндері Қарағанды облысының 40 мұғаліміне «Химия пәнінен ҰБТ және олимпиада есептерінің шешу жолдары» атты семинар-тренинг, 10-13 наурыз күндері Қарағанды обылысы Теміртау қаласында математика мұғалімдері мен 11-сыныпты бітіруші «Алтын белгі» иегерлеріне «Математика пәнінен ҰБТ есептерінің шешу жолдары» атты семинар-тренинг, 14-16 ақпан күндері Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығында Қарағанды облысының өзге тілді мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту» атты семинар-тренинг өткізді.
Сонымен бірге, 2018 жылы 30 наурызм – 2 сәуір аралығында Қызылорда облысы Арал ауданында мұғалімдер мен 11-сыныпты бітіруші түлектерге «Математика – жаратылыстану пәндерінен ҰБТ және олимпиада есептерінің шешу жолдары» атты 4 күндік семинар-тренинг, 22-30 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында математика мұғалімдеріне «Математика пәнінен олимпиада есептерінің шешу жолдары» атты семинар-тренинг өтті.
Сонымен бірге, біз оқушылармен психолгиялық жұмыс істеу бағытында орталықта тұрақты түрде ай сайын «Мамандық таңдау және болашақ», «Ізденіс һәм нәтиже», «ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы» және тағы басқа тақырыпта ТЕГІН мотивациялық семинар-тренинг өткізіліп тұрамыз. Бұл мотивациялық семинар-тренингтер өңірлерге іс-сапар барысында да міндетті түрде өткізіліп, бүгінде ата-аналармен оқушылардың алғысына бөленіп жүр. Бұл семинар-тренингтер биылғы оқу жылында да неше мәрте өткізілді.
Ал, жаңа оқу жылы бастала салысымен 21-24 қыркүйек күні Қызылорда облысы Шиелі ауданында мұғалімдер мен оқушыларға арналған “ҰБТ-ға дайындықтың тиімді жолдары” атты семинар-трениг өткізіп, аудан оқушыларымен ұстаздарының ыстық ықыласына бөленіп қайттық.
- Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасы
Республикалық «QAZBILIM» орталығы ашылғаннан бергі ең үлкен бағытының бірі сапалы қазақ тілді оқу құралдарының қатарын көбейту еді. Ұжым үш жыл ішінде әр түрлі пәннен ұлттық бірыңғай тестке, пәндік олимпиадаларға, күнделікті сабақтарға арналған 50-ге жуық оқу-әдістемелік құралдарын дайындады. Бұл оқушылықтарды елдің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен ұстаздар қолданып өз алғыстарын білдіруде. Биылғы жылда 20-дан астам оқу құралдарын баспаға дайындап, қазір орталықта үлкен әдістемелік ұжым жұмыс істеуде.
- «QAZBILIM» тегін дайындық гранттары
Білім таза бизнеске айналмау керек, бұл біздің басты ұстаным. Орталық жұмысын бастағаннан бері де, осы бағыттағы ұстанымнан айнымай жұмыс жасап келемін деп ойлаймын. Білім берудегі басты ұстаным:
- Сапалы білім беру
- Қол жетімді болу
- Тәжірибелермен тегін бөлісу
- Тегін мастер кластар, тегін сабақтар жүргізу
- youtube – желісіне сапалы видео сабақтар қорын қалыптастыру (https://www.youtube.com/qazbilimtv)
6. Тегін жылдық білім гранттарын ұсыну.
Сол, біз білім саласы үшін, қазақтың баласы үшін тағы не істей аламыз… Әрине, қолымызға мүмкіндік туып жатса, болашақта бұл бағыттар әлі де жетілдіреді.
- QAZBILIMTV онлайн тегін білім беру жобасы
Бүгінде дамыған біраз ел қашықтықтан оқытып диплом беріп, сапалы маман тәрбиелеуге көшті. Өзге тілді интернет кеңістігін орта білім мен жоғары білімнің лекцияларын үйде жатып-ақ тыңдап, ізденісің болса, білімнің шыңына шыға аласыз. Ал бізде ше? Онлайн деген біздікілер үшін тек формалды есеп беру жолы, бар кабинеттер мұражай болып тұр, ал қазақ тілді интернет кеңістігіміз біліммен емес, арзан ойын-күлкі шоумен толып тұр.
Бізге соңғы кездері шалғай ауылдардан, облыстардан, қалаға келіп оқуы қиын ауылдардан хабарласатын оқушылар мен ата-аналар көбейіп кетті. Мектептен сұранып бір аптаға, екі аптаға келіп кетеді. Қиналған тақырыптарын сұрап, орталықтан күні бойы шаршап шығады…
Осы күрделі түйінге өзіміздің үлесімізді ойлап мектеп бағдарламасындағы ҰБТ-да келетін, жұрт қиналатын біраз тақырыптарды өзіміз онсыз да оқушыға үйретеміз, сол сабақтарды видеоға түсіріп алып, көптің керегіне берсек деген мақсатта видеосабақтар түсіруді бастап, түсірілген сабақтарды орталықтың арнайы YOUTUBE әлеуметтік желлісіндегі QAZBILIMTV арнасынан көрсете бастадық.
Осы ұстанымда қаншама жұмыс атқардық, өткен бір жылда youtube желісінде 70-тен астам сағаттық сабақ жариялаппыз. (Осыған байланысты бір дүниені қыстыра кетейін, өткен жылы биология пәнінен “көз” – деген тақырыпқа сабақ түсіргіміз кеп, осы тақырыпта youtube-те не бар екен деп ақтардық, дәл осы тақырыпқа орысша 78 сабақ, ал ағылшынша 312 сабақ бар екен, бірақ, қазақша бірде бір сабақ жоқ. Өкінішті әрине, бұл деген интернетте қазақтың көзі жоқ деген сөзді білдіреді.) Міне, біздің елдің білім кеңістігіміз бос, сол үшін де ұрпағымыз өзгелердің дүниесімен сусындап жүр.
Биыл жыл соңына дейін 100 сабақ түсірсек деген ниетпен бастаған сабағымыздың қазір тең жартысын түсіріп, талапкерлердің назарына ұсындық, алғаш түсірген сабағымызды 24 мың түлек көрсе, соңғы сабақтарымызды мыңнан астам түлек өз пайдасына жаратты.
Тегін һәм сапалы онлайн курстар алдағы оқу жылында бұдан да көбейеді деген сенім бар.
Республикалық «QAZBILIM» орталығы жыл бойы білім саласы бойынша маңызды ақпараттармен қамтамасыз етумен бірге, білім саласындағы әр алуан мәселелер бойынша тегін кеңестер, кездесулер жасады.
Сонымен бірге, өткізілген барлық шеберлік курстар орталықтың YOUTUBE каналында жарияланып, ұстаздар мен оқушылардың назарына ұсынылған.
Жыл бойы талмай еңбек еткен ұстаздар қосынына алғыс айта отырып, алдағы оқу жылында мұнан да үлкен нәтижеге жететіне кәміл сенеміз.
- Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық
Бүгінде Назарбаев зияткерлік мектептері, білім-инавация лицейі, тағы басқа дарынды балаларға арналған білім беру мектептеріне түскісі келетін оқушылардың саны өте көп, конкурс өте ауыр. Сол мақсатта біз ашылғалы аталмыш мектептерге жүйелі дайындық жүргізіп бүгінде ата-аналардың алғысын алып келеміз. Бұл бағыттағы дайындыққа арналған оқу құралдарын да дайындап ұстаздардың қолдануынан өткіздік.
Бұдан тыс орталық оқушылары, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадарда алтын-күмістен медаль тағып, әлемдік жоғары оқу орындарының білім гранттарын иеленіп келеді.
Орталықтың бүгінге дейін нәтижелі жұмыс істеуіне елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан Орталықтың директоры, жетекшісі ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасының иегері, жоғары санатты химия пәні мұғалімі, химия ғылымдарының PhD докторанты, Қазбілім (kazbilim.kz) порталының бас редакторы, ақын, журналист Аятжан Ахметжанұлының басшылығында болашақта бұдан да үлкен белестерді бағындырып, қазақ баласының білімі мен тәрбиесіне үлес қоса береміз деген сеніміміз мол.
Қазақтың әр баласы дарынды, дұрыс бағыт беру біздің парыз, бұл біздің ұстаным, біздің бағыт! Ұлымыз ұлағатты қызымыз инабатты болсын!
Құрметпен: Республикалық «QAZBILIM» орталығы баспасөз хатшысы Чакірбаева Назерке.
Орталық туралы толық ақпаратты http://qazbilim.kz сайтынан ала аласыздар.