Home Ұрпақ тәрбиесі Мектеп бітіре салысымен Ресейдің жоғарғы оқу орындарына құжат тапсыратын қазақстандық түлектер легін...

Мектеп бітіре салысымен Ресейдің жоғарғы оқу орындарына құжат тапсыратын қазақстандық түлектер легін тоқтату керек

0

Семейдегі Экономикалық лицейде қалалық білім бөлімінің бастығы Наталия Фесенконың төрағалығымен төрт жылда бір рет дәстүрлі өтіп тұрған жиыналысқа бұл жолы та-аналар комитеті және тәрбие, білім мәселелеріне орай қоғамдық тыңдау өтті. Кеңесте көптеген проблемалар талқыланды. Отбасы орталығы, Салауатты өмір салты орталығы, мектеп инспекторлары келгендерге проблемалық сұрақтарына байланысты жауаптарын берді.

Аталмыш шараның ең өзекті тақырыптарының бірі, оқушылардың мектеп бітіре салып көрші Рессейді жоғары оқу орындарына лек-легімен аттануы сөз болды. Жиналысқа келген Лилия Викторовна есімді ата-ана бұл туралы былай сөз қозғады. – Менің балаларым мектепте оқиды, бүгінгі шараға рахмет.  Дегенмен бір айта кетер мәселе, Семейдегі мектеп бітірген түлектер жыл сайын топ-тобымен Ресейге кетіп жатыр. Сол жақтың оқу орнына түседі. Біз жастардан айрылып қалуымыз мүмкін. Жастардың біздің Қазақстандағы жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік жоқ, себебі ҰБТ баллдары төмен. Олар жыл бойы мектеп ішілік ҰБТ емтихандарын 90-нан аса жоғары баллдарға тапсырып шығады. Ал жоғарғы оқу орнына барған кезде не себептен екені белгісіз баллдары төмендеп қалады. Осы шәкірттеріміздің өз елімізде қалуына бір көмек жасасаңыздар, – деді.

– Иә, бұндай проблема бар, – деді жиынға төрағалық етуші Наталия Фесенко. – Мектеп бітіргендер Ресейдің көрші Барнаул қаласына түсуді әдетке айналдырған. Онда білім беру деңгейі МГУ-мен бірдей емес. Қазақстандық оқушылардың Қазақстан жерінде білім алуы үшін олардың бір жыл бойы мектепте тапсырған емтихандары да есепке алынуы тиіс. Бұны біз қолдаймыз. Болашақта бір оңтайлы шешімі жасалады. – деп көңіл жұбатты Наталия Фесенко.

Осыдан бұрын жұрттар жоғары оқу орындарын тамандаған жастардың шетеласып жұмыс істеп келетінін немесе болашақпен оқып келген жастардың отанға оралмайтынын көп айтушы еді. Енді міне мектеп бітірген түлектер де жат елден пана тауып білім алуда. Өзгенің идеологиясы мен білімнен нар алған балалар ертең күні қазақ еліне қандай қызмет етпек? Өзгенің етегіне жармасып, езу тартқанымыз не жетістікке апарар?

 Айнагүл Ахмет
Семей қаласы

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version