«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық
идеялар фестивалі өтті. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова, МУИТ ректоры Дамир Шыныбеков және кәсіпкер Қайрат Құдайберген қатысты. Фестивальге сондай-ақ, Machine Learning Яндекс Россия жасаушысы Тильга Сергей, ТНТ каналының жүргізушісі Ксения Ильиных, режиссер, «Ёлки новые» фильмінің сценаристі Егор Чичканов, «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов қатысты. Іс-шара қонақтары жобаның ұйымдастырылу деңгейі мен қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға берді.
шығарды. Шара көңілімнен шықты» дейді А.Шамшадинов. Түрлі жастағы адамдар мен түрлі мамандық иелерінің басын қосқан фестиваль тек Қазақстан мен Ресейден келген қатысушылардың бастарын қосты. Шара қатысушылары түрлі салалардағы өз білімдерін көрсете білді. Айта кеткен жөн, шараның ең жас қатысушысы 10 жаста. Студенттермен қатар өз бағын сынап, «Мобильдік технологиялар» секциясы бойынша жобасын ұсынған Диана Султанова мен Айсауле Жумабаеваның да жұмыстары лайықты бағасын алды.
HackDay фестивалінің серіктестері – «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қоры, Halyq Bank, Samsung және SmArt Point болды.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі.