Home Жаңалық Бұдан былай педагогикалық ЖОО түлектері міндетті түрде сертификаттаудан өтеді

Бұдан былай педагогикалық ЖОО түлектері міндетті түрде сертификаттаудан өтеді

0

«Осы жылдан бастап-ақ ілкі режімде сертификаттау процедурасын бастағымыз келеді. Яғни, ағымдағы оқу жылында педагогикалық жоғары оқу орындарының барлық түлектерін сертификаттаудан өткізуді жоспарлаудамыз. Бұған қоса, бізде мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілік тесті дайын. Биыл 33 мыңнан астам болашақ педагог оқу орнын бітіреді және біз оларды сертификаттаудан өткізбекпіз», – деді Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. «Бізге кәсіби стандарттар қажет, олар өте аз. Сертификаттау орталығы да керек. Өкінішке орай, бұл жерде жауапқа қарағанда сұрақтар көп», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, біліктіліктің ұлттық шегін де жетілдіру қажеттігі туындап отыр. «Бізде біліктіліктің ұлттық шегі бар. Өкінішке орай, жоғары білім беру жүйеміздің өзін сертификаттамақ болып, Еуропалық одақтың жетекші сарапшыларын шақырғанымызда олар төртінші, бесінше деңгейдегі «қысқа цикілдерде» сәйкессіздіктердің бар екендігін көрсетті. Бұл жерде біліктіліктің ұлттық жүйесіне заңнамалық өзгертулер және реттеу енгізуіміз қажет», – деді вице-министр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version