Қырғызстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес, жалпыреспубликалық тестілеуден бірдей балл алған түлектердің ішінде жоғары оқу орнына түсу гранты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар талапкерге беріледі.
Министрлік дерегі бойынша, 2019 жылы тестті талапкерлер өз еріктерімен тапсыратын болады. Мектеп оқушылары биыл 1 наурыздан бастап Қырғызтест сайтында сынама тест тапсыра алады. Ал бізде қалай деп ойлайсыздар?