Home Жаңалық ҚазАТУ қос дипломды білім беруге көшеді

ҚазАТУ қос дипломды білім беруге көшеді

0

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Парижде әлемдегі ең үздік 10 аграрлық ЖОО-ның қатарына кіретін AgriParisTech университетімен (Франция) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастық ҚазАТУ-ға қос дипломды білім беруге көшуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қазбілім университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұдан былай, біз француз профессорлармен халықаралық деңгейдегі жаңа оқу бағдарламаларын бірлесе әзірлеп, білім беру үдерісіне енгізетін боламыз, ал әрі қарай, егер барлығы жоспарлағанымыздай болса, олармен қос дипломды білім беруге көшеміз. Мұндай міндетті біздің алдымызға Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшылығы қойып отыр», – деді С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев.

Ауыл шаруашылығы бағытында білім беретін әлемдік көшбасшының келуін «тың өзгерістерге жасалған алғашқы қадамның басы» деп бағалаған жөн. Дегенмен, бұл шешімді француздар ҚазАТУ-дың оқытушылары мен студенттерінің әлеуетті мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеп, ұзақ ойланып барып қабылдағанын айта кету керек. Мұндай көшбасшылармен серіктестікке қол жеткізу де оңай емес, себебі бұл университеттер үшін өздерінің жеке имиджі бірінші орында.

Енді, ең бастысы, ҚазАТУ-дың Даму бағдарламасын табысты, әрі мерзімінде жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу қажет.

«Алдағы уақытта біз де өз елімізде әлемнің үздік университеттеріндегі сияқты ауыл шаруашылығының кәсіби мамандарын дайындай алатынымызға сенімдімін. Өйткені біз мұны қалай істеу керектігін білеміз және кезіндегі Сингапур, Малайзия, Аргентина, Чили, Қытай және басқа да елдердің жетекші университеттері өткен жолмен жүріп келеміз. Бірақ олардың қалыптасуына мемлекет қолдау көрсетіп, қаржыландыруы арқасында қазіргі деңгейге жетіп отыр. ҚазАТУ-ға да мемлекет тарапынан осындай қолдау қажет. Дамыған елдердің қол жеткізген нәтижелерін көре отырып, бір жерде тұра беруге болмайды. Білім беруге салынған инвестицияны қайтарымды инвестиция дейдіз. Ендеше, мұны нақты жобалармен іске асырудың уақыты келгендей», – деді ол.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version