Home Жаңалық Қостанайда халықаралық ІТ-мектептермен телекөпір өтті

Қостанайда халықаралық ІТ-мектептермен телекөпір өтті

0

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалында халықаралық ІТ-мектептермен «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» атты телекөпір өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуелі, АҚШ-тың Кремний алқабының ғалымдары қазақстандықтарға өз тәжірибелерін таныстырды. Қазақстанның барлық аймақтары қосылған телекөпір қатысушылары «Болашақтың әлемі бүгін: цифрлық ойлау мен ІТ-технологиялар» тақырыбын талқылады.

«Еліміз бойынша 125 жоғары оқу орны бар. Олардың 80-нен астамы техникалық-инженерлік бағыттта білім беруге қауқарлы. «Нұр Отан» партиясы алдағы 10 жылға жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі инновациялық білім беру үрдісін одан әрі арттыруға бағытталған. Қостанай облысында бұл мақсаттағы жұмыстар басталып кетті. Тегін ІТ-сыныптар ашылып, оқушылардың игілігіне берілді», – деді «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының баспасөз хатшысы Ерболат Аханов агенттік тілшісіне.

Телекөпір құралдары бойынша байланысқа АҚШ-тың жетекші ЖОО мен ІТ-индустриясының өкілдері шығып, спикерлер ІТ-оқытудағы жаңа тәсілдер мен заманауи бағдарламалар туралы әңгімеледі. Мәселен, Тілек Мамұтов – Америкадағы Google компаниясының бағдарламашысы. Ол телекөпір арқылы «Google Х» жобасы аясында инновациялық өнімге қол жеткізгендігін айтты. Ол 2017 жылы Перуде болған табиғи апатта бірнеше күн ішінде интернет желісін тарататын дрон ойлап тапқан.

Нұрлыбек Мұрсалиев Стенфорд Университетінің докторанты. Жас ғалым бүгінде, биотехнологияны жаңа трендтермен ұштастыра отырып, тың жаңалықтар ашқан. Телекөпір барысында өзге де, қандастарымыз ІТ саласын әрі қарай оқыту және білімді қолдану тәжірибесін ортаға салды. Телекөпір сұрақ-жауап түрінде өтті. Шараға қатысқандар өз сұрақтарын жолдап, тұшымды жауап ала алды.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version