Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын тәмәмдады. Сонымен қатар, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдамадан өткен.
Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания Университетінің докторы (АҚШ).
1996 жылы еңбек жолын Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі Атқарушы комитетінің референті болып бастады.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты.
1998-2002 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі атташе қызметін атқарды (Вашингтон).
2002-2007 жылдары Дүниежүзілік банктің Орта Азия бойынша инфрақұрылымдар, қаржылық нарық және білім мәселелері жөніндегі жоба үйлестірушісі болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты.
2007-2009 жылдары ҚР Үкіметінің және Ұлттық банктің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып, экономикалық даму, қаржы және білім салаларына жетекшілік жасады.
2009-2013 жылдары «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының Атқарушы кеңесінің төрағасы болды. «Назарбаев Университеті» білім мектебінің қауымдастырылған профессоры.
«Назарбаев университеті» ДББҰ-ның құрылғанынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
2013 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
Мәліметтер www.kk.wikipedia.org Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынды.
www.kazbilim.kz
Қызық, бізде ғана шығар білім саласына түк қатысы жоқ экономис. шымшық сойсада қасапшы сойсын дейтін дәстүр қайда?
Осыдан кейін біздің жүйе демиды дегенге сенбеймін. бәрі тек күлкілі. ашиды жаның, қайнайды қаның!