Home Керекті кеңес МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУЫ КЕРЕК?

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУЫ КЕРЕК?

0

«Нұр Отан» партия­сының «Мектеп асха­на­лары» жобасын іске асыру шеңберінде оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай, Wellness коуч, психолог және саламатты өмір салты бойынша сарапшы Александра Соболеваның ата-аналарға арналған сала­матты тамақтану туралы кеңестерін жариялауды жөн көрдік.

Кез келген ата-ана үшін өз бала­сының дені сау болып өскені, мықты болып ер жеткені, сабағын жақсы оқығаны өте маңызды. Солай емес пе? Мектеп оқушы­ларының ағзасында, түрінде өзгерістер болады. Бойдың өсуі, сана-сезімінің дамуы дегендей қалыптасу процесі жүреді. Сон­дықтан ата-аналар алдындағы негізгі міндет – балалардың өсіп келе жатқан ағзасына қажетін беру, олардың ағзасын энергиямен қамтамасыз ету үшін анықталып, теңестірілген және пайдасы мол макро және микро элементтерге бай, дәрумендер мен минералдарға толы тағам кестесін жасау.

Қойылған тапсырмаға жету үшін қажетті дағдыларды қалып­тастыру және жаңа бағытты түсіне білу жеткілікті. Мектеп жасындағы балаларға кальций мен ақуызға бай сүт, сүзбе, ірімшік сияқты сүт өнімдері өте қажет.

Бойдың өсуі үшін оның тағамында амин қышқылдары бар жұмыртқа, ет, тауық еті, балық міндетті түрде болуы керек. Бұл өнімдер адам ағзасына оң әсер етеді және терінің қартаймауына арналған құнарлы ақуыздарды береді. Ет өнімдері мен тауық еті тағамдарымызда жиі кездессе де, балық өнімдері сирек. Балық өнімдері ағзамызда маңызды орын алатын бұлшық ет пен ми жасушаларына қажетті фосфорды береді.

Балаларға арналған негізгі аста күш-қуат, энергия беретін тағамдар болуы керек. Бұлар негізгі көмірсулар: жармалар (сұлы, қарақұмық, арпа, күріш, тары т.б), бидайдың қатты сор­тынан жасалған макарондар, бұршақтар (соя бұршақ, жасымық, бұршақ т.б), пісірілген картоп. Бұлар – жақсы сіңімді, тоқ тағамдар. Олар оқушылардың қарнының ашпауына көмектеседі.

Бұдан бөлек, пайдалы май өнімдерін тұтынуға назар аудару керек. Бұл – сабақты жақсы оқитын баланың энергиялық қажеттігін қамтамасыз ету үшін керек маңызды компонент. Сапалы өсімдік майлары (зәйтүн, күнбағыс майы, жүгері, зығыр майлары т.б), майлылық мөлшері 80 пайыздан кем болмайтын сары май пайдаланған дұрыс. Оқу­шылардың жейтін тағамдары қатарынан мынадай майларды алып тастау керек: маргарин, аспаздық мақсатта қолданатын жасанды майлар.

Оқушының көкөніс пен жемістерді көбірек пайдаланғаны жақсы. «Қазақстанда 2012-2016 жылдардағы балалар арасындағы семіздіктің эпидемиологиялық мониторингі және оны қалып­тастыратын факторлары» атты Ұлттық статистикалық есепке қарасақ, балалардың 70 пайызы көкөніс пен жеміс-жидектерді мүлдем қажетсінбейді екен. Бұлар балалар тағамында міндетті түрде болуы қажет.

Көкөніс пен жеміс-жидектер дәрумендер мен минералдарға өте бай. Бұлар тамақтың жақсы қорытылуына әсер етеді. Жеміс-жидекті көп жеген бала жасөс­пірімдер арасындағы семіздікке шалдықпайды. Әр бала күніне 3-4 жемістен және 500 грамм көкөніс жеуі керек. Бағасы қымбат жеміс-жидектер сатып алудық қажеті жоқ. Бәрімізге қолжетімді сәбіз, қызылша, қырыққабат, алма берсеңіз болады. Негізі бұларды ата-аналардың өздері де мұқият ескергені жөн. Өйткені ата-ана үйінде не істесе, бала да соған қарай бейімделеді.

Бүгінде оқушылар үзіліс кезінде не жейді? Шұжық, ыс­талған ет, чипсы, фаст фуд, тәтті тоқаш жеп, түрлі тәтті газдалған сусындар ішеді. Бұлар – жоғары калориялы тағамдар. Олар ас­қазанда ауыр қорытылады. Сон­дықтан түкте пайдасы жоқ. Керісінше организмнің реттілігін бұзып, түрлі аурулар туғызады. Тіпті мұндай тағамдарды жиі пай­даланудың соңы ағзаны бүлдіріп, адамның өмірін қысқартуы мүм­кін. Сондықтан оларға барынша жоламаған дұрыс.

Ата-аналардың міндеті – балаларын жастайынан дәмді, саламатты, пайдалы тағамдарды тұтынуға бейімдеу. Оның бәрі от­басынан басталады. Сөз со­ңында айтарым, ата-аналар тамақ­тануға керек мөлшерде көңіл бөле отырып, балаларының денсау­лығына ғана кепілдік беріп қой­май, сонымен қатар отбасында бақыт пен мәнді өмір қалып­тастырады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version