Сатуға шығарылған нысандар қатарында Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті бар.
Бұл нысандардың 35 пайыздық үлесі сатуға шығарылған. Алматы энергетика және байланыс университетінің 33,65 пайызы саудаға ұсынылды.
Сатылатын нысандардың бастапқы бағасы әртүрлі – Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бастапқы бағасы 1 711 278 931,00 теңге, кепілдік жарна – 75 750 000,00 теңге. А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті үшін, кем дегенде, 336 396 978,00 теңге сұралып жатыр. Қазақ сәулет-құрылыс академиясының бастапқы бағасы 2 522 061 695,00 теңге деп белгіленген. Алматы энергетика және байланыс университеті үшін сауда 1 401 617 089,00 теңгеден басталады.
Сондай-ақ, саудаға Республикалық су және қосалқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі де сатылымға шығарылды. Бастапқы бағасы 331 060 000,00 теңге.
Аталған нысандардың барлығы электронды тендер арқылы сатылады.