Астана қаласында жалпы білім беретін 83 мектеп бар. Осы мектептерде биылғы санақ бойынша 94712 оқушы бар, Олардың ішінде 71 мектеп мемлекеттік, онда 91618 оқушы, ал 12-сі жеке меншік мектеп, онда 3094 оқушы тәлім алады. Бұдан өзге 260 оқушысы бар 1 арнайы түзетуші мектеп-интернаты мен 291 оқушы тәлім алатын 1 кешкі мектеп бар.
71 мемлекеттік мектептің:
567 оқушысы бар 3 бастауыш мектеп (атап айтсақ №12, №26, №33 мектеп)
91051 оқушысы бар 68 орта мектеп.
Мемлекеттік мектеп санының ішінде жаңа үлгідежасақталған 41 мектеп бар, онда 60329 оқушы білім алады. Оның ішінде:
• 3 гимназия, онда жалпы 3880 оқушы тәлім алады;
• 18-і мектеп-гимназиясы, онда 27177 оқушы тәлім алады.
• 2 лицей, онда 666 оқушы тәлім алады;
• 17 мектеп-лицей, онда 32151 оқушы оқиды.
• Бұдан сырт, дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі бар, мұнда 335 оқушы білім нәрімен сусындауда.
Сонымен қатар, 1495 оқушылы 31мектепалды даярлық сынып ( бұның
ішінде1392 оқушысы бар 28-і мемлекеттік) ұйымдастырылған.
Өткен оқу жылында бірінші сынып оқушылары 12893 сан құраса, оның 12462-сі мемлекеттік, 431-і мемлекеттік емес. Жалпы өткен жылғымен салыстырғанда бірінші сынып оқушыларының саны 1591-ге артқан.
2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер тілдік оқыту бөлінісі мынадай түрде:
24 мектеп мемлекеттік тілде тәрбие береді, онда 32794 оқушы мемлкеттік тілде білім алады.
Ал, 10 мектеп орыс тілінде, онда жалпы саны 9523 оқушы білім алады.
Қалған 37 мектеп аралас мектептер, онда жалпы саны 49301 оқушы білім нәрімен сусындауда.
Жалпы санақ бойынша қазақ тілінде 53213 (58%) оқушы білім алады. Орыс тілінде 38405 (42%) оқушы оқытылады.
88358 оқушылы 61 мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды. Ал, тек бір ауысыммен жұмыс жасайтын 2326 оқушылы 5 мектеп (№ 42, 71орта мектеп, Зерде, КТЛ (қыздар), КТЛ (ұлдар)) бар. Әлі үш ауысымда жұмыс жасайтын оқушылы 5 мектеп (№ 8, 37, 57, 59, 65 орта мектеп) бар, бұның ішінде 934 мыңнан астам оқушысы үшінші аусымда білім алады.
2000 оқушыдан 2700 оқушыға дейін бала саны бар 11 мектептер: 7 (2194), 22 (2191), 32 (2234), 37 (2177), 53 (2374), 54 (2212), 59 (2718), 60 (2634), 64 (2428), 65 (2113), 66 (2311). Бұлар оқушы саны шамадан тыс мектептер саналады.
Оқушы саны орташа 1500 оқушыдан 2000 оқушыға дейін бала саны бар 12 мектеп: 1 (1960), 3 (1637), 4 (1722), 8 (1494), 16 (1701), 27 (1787), 31 (1590), 48 (1840), 62 (1893), 51 (1935), 70 (1788), 52 (1639), 57(1432) білім берумен айналысуда. Қалған мектептер оқушы саны аз мектептер қатарына жатады. Бірақ, Астана қаласындағы 70%-ға жуық мектептің оқушы саны мектеп сыйымдылығынан әлдеқайда асып кеткен.
Санды мәліметтер www.astana-bilim.kz сайтынан алынды.
Ендігі біздің бұған қосар ойымыз:
Бірінші: егер қазақ тілінде жұмыс жасамайтын жеке меншік мектептерді қосқанда 50%-дан артық білім алушы әлі орыс тілінде білім алуда. Бірақ, астанадағы орыстар мен орыс текті ұлттардың пайызы 25% – ға жетпейді. Онда орыс сыныптарында оқып жүрген біраз оқушы өзіміздің қара көздеріміз екендігі анық. Олай болса тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр болғанда неге қазақ баласы әлі орыс сыныбында оқып жүр?
Кей орыс мектептерінің 70% оқушысы өз қара көздеріміз. Баласын қазақ мектептерінде оқтпайтын жұрт Қазақ елінің болашағына күмәнмен қарайды деген ойдың туары сөзсіз. Сіздің ой?
Екінші: Астана қаласында қаншама ғимараттар бой көтеруде, керексіз сарайлардан көз сүрінеді. Бірақ, неге үш ауысымды мектептер әлі бар? Мемлекеттік білім беру стандартын толық қамтамасыз ете алмайтын ескі мектептер мен оқушы саны сыйымдылығынан асып кеткен қаншама мектептердің халін кімдер ойлауда?
Үшінші: Астана мектептерінің білім рейтингісі неге Білім департаментінің ашық сайттарында жоқ? Неге мектеп сапасының рейтинигін ашық ұстамайды?
Әркім өз әлінше жауап берер, біздің мақсат ой салу.
Құры айқай екені осы біздің жұрттың? Біздің басқа емес біраз тұлғалардың, өзі қазақ тілін дәріптеп жүрген дәнішпандардың біразының балалары қазақ тілін білмейді. Қазақ тілінде балаларын оқытпайды. Біздің елдің халқы мен билігі жазылмаған дырамма!