Дәстүрге айналған байқау атақты ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Ө. Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Байқауға Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 200- ге жуық мектеп оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, олардың математика және механика ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Дәстүрге айналған халықаралық байқауда жас таланттар 3 күн бойы өздерінің әртүрлі ғылыми жобаларымен зияткерлік сайысқа түсті.
Халықаралық байқауға Түркістан облысынан 14 оқушы жолдама алып, дарынды оқушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қазылар алқасының назарына ұсынды. Нәтижесінде 9 оқушы жүлдегер атанды. Халықаралық жоба жарысында экономика пәні бойынша 11-сынып оқушылары Бекжан Дәуіржан, Серік Айжан 2-орынды иеленсе, Нұрбах Амирхан, Камила Амангельдиева қола жүлдегер атанды. Математика және механика пәндерінен 11-сыныптың оқушысы Марал Маханбет 2-орын алса, Диана Дарибаева, Диана Мисирова, Асылжан Қалдыбек, Мухриддин Шарапов 3-орынды қанағат тұтты.
Сайыс соңында жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Білімімен оза шапқан өрендерді Түркістан жұртшылығы құрметпен күтіп алды.
Айта кетейік, Халықаралық байқауға Кентау қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатынан 14 оқушы қатысты. Оның 3-і күміс медаль алса, ал 6-ы қола медальға ие болды.