Қазақта “Қызға қырық үйден тыйым” деп аталатын тәрбие бар. Яғни, қыздарымыз мынадай қырық істен тыйылу керек немесе барған үйлері тыю керек .
- Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
- Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.
- Талтайып отыруға тыйым.
- Шалқайып жатуға тыйым.
- Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішті болмауды әрқашан ойлау.
- Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
- Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.
- Әурет жерлеріңді жап, ашық-шашық жүруге тыйым.
- Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
- Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
- Дастархан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.
- Ұрлық-қарлыққа тыйым.
- Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.
- Бұраңдап, қылымсуға тыйым.
- Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
- Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
- Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
- Аш болсаң да, тоқ балсаң да Құдайыңды ұмытпа.
- Әдепсіз сөз айтудан тыйым.
- Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек. Үлкендердің атын атауға тыйым.
- Ішімдік-шегімдікке тыйым.
- Ұрыс-керіске тыйым.
- Беттен алуға тыйым.
- Әйелдер мен қыздарға ер киімі қонымсыз әрі Тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.
- Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
- Түнде суға жалғыз баруға тыйым.
- Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.
- Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
- Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.
- Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.
- Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.
- Бүйірін және жағын таянуға тыйым.
- Тәкәппарлыққа, сайқымазаққа тыйым.
- Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағыға қол созба.
- Шектен тыс жасануға тыйым.
- Қызғаншақтық, күншілдікке тыйым.
- Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.
- Алдап-арбауға тыйым.
- Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.
- Тойымсыздыққа тыйым.