Home Жаңалық Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты

Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты

0

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Ведомство басшысы мектеп-гимназияда педагогикалық құраммен кездесті. Сондай-ақ оған IT және робототехника сыныптарындағы оқушылардың жұмысы таныстырылды», – делінген баспасөз ақпаратында.

Былтыр Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп іске қосылды.

Жалпы, қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді, онда 30579 оқушы білім алады. К.Шәмшидинова атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% артады. Осылайша, жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.

Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version