Home Жаңалық Елорда мектептеріндегі асxаналарда қолма-қол ақшасыз төлем жасау жүйесі қалай енгізіледі

Елорда мектептеріндегі асxаналарда қолма-қол ақшасыз төлем жасау жүйесі қалай енгізіледі

0

Елорданың білім басқармасы мектеп асxаналарында электронды есеп айырысу жүйесін енгізуге қатысты түсініктеме берді. Осы орайда басқарма қызметкерлері әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды.

Білім басқармасының стратегия, талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Жазира Асанованың айтуынша, әлеуметтік желілерде таралған хабарлама мәтіні білім басқармасымен келісілмеген. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді іске-асыру идеясы оқушылардың атына банк карталарын тіркеуді көздемейді.

«Ата-аналар тарапынан хабарламаға байланысты түскен шағымдардан соң, біз мектептердегі тамақтану жүйесіне қарасты жеткізушілермен және орта білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргіздік», – дейді Ж.Асанова.

Оның сөзіне қарағанда, келесі жаңа оқу жылында барлық мектептерді қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесіне көшіру жоспарланған. Сондай-ақ тағам даярлайтын бөлмелерде бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары іске асуда.

«Карталарға келетін болсақ, олар белгілі бір банктің картасы болуы міндетті емес, жаңадан карта ашудың еш қажеттілігі жоқ, тіпті бұл карталар банктік емес жай карталар да болуы мүмкін. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді іске-асыру идеясы карта немесе мобильді қосымша арқылы жұмыс жасауды көздейді. Мәселен ата-аналар қосымша арқылы баланың тамақтанып жатқан мәзірін көруге, асханада алдын ала тапсырыс жасауға немесе баланың денсаулығына байланысты кейбір азық-түлік түрлеріне шектеу қоюына мүмкіндік береді.

Келешекте қосымша арқылы бейнебақылау камералардың жазбаларын қарау сияқты қызметтерді қосып, функционалды жетілдіруге болады», – деп атап көрсетті Ж.Асанова.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version