Home Жаңалық 15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

0

Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн  теңгеден астам төленбеген үстемеақы төленді. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасынан мәлім болды

«Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады», – деп атап өтеді ведомстводан.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қызметті көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға  жалақыдан 40 пайыз мөлшерінде үстемеақы көзделген. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176, 2 млн теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version