Алдымен барлық өзгерістер туралы айтайық. Ол бойынша сіздер қалаған оқуларыңызға оңай түсе аласыздар:
1. ҰБТ-ны жыл бойы 4 рет ақылы түрде тапсыруға болады.
2. ТжКО түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына ақылы түрде түсіп, оқуларын қысқарған бағдарлама арқылы жалғастыра алады. Оқуға қабылдану үшін бар болғаны ЖОО сынағынан өтуі керек.
3. Кешенді тест ҰБТ-мен бірікті.
Сондай-ақ «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша балл шегі алпысқа дейін көтерілді.
Енді әр бөлімге толығырақ тоқтала кетсек.
2019 жылдан бастап ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға болады. Жоғары оқу орнына ақылы түрде түскісі келетіндер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тест тапсыра алады. ҰБТ тапсырған сайын пәнді өзгертіп тұруға да болады.
Тек 20 маусым мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырып, шекті балл алған талапкерлер ғана білім беру гранттары байқауына қатыса алады.
Бейінді пәндер комбинациясы өзгерген жоқ.
1. Математика — Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 25).
2. Математика — География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9).
3. Биология — Химия (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 16).
4. Биология — География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 9).
5. Шет тілі — Дүниежүзі тарихы (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5).
6. География — Шет тілі (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2).
7. Дүниежүзі тарихы — Адам. Қоғам. Құқық (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 2).
8. Дүниежүзі тарихы — География (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 5).
9. Қазақ тілі/ Орыс тілі — Қазақ әдебиеті /Орыс әдебиеті (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 4).
10. Химия — Физика (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 1).
11. Шығармашылық емтихан — Шығармашылық емтихан (Білім беру бағдарламаларының топ саны: 19).
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН БЕЙІНДІ ПӘНДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?
Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлінетін. Енді – білім беру баңдарламалары бойынша бөлінеді. Барлығы 97 топ бар, тізімі ҰТО сайтында берілген: https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php.
Ұлттық тест орталығы видео да дайындаған (http://bit.ly/2DQxWd7). Онда тиісті пәндер тізімі мен оған сәйкес келетін білім беру бағдарламалары берілген. Бұл тізімді көре салып сіздер тиісті пәнді қалай таңдау керегін бірден ұғасыздар.
Мысалы, маусым айындағы ҰБТ кезінде сынақты «Биология» + «Химия» комбинациясы бойынша тапсырасыз делік. Ендеше, білім беру бағдарламасын 16 бағдарлама ішінен іздейсіз (тізім ҰТО сайтында тұр:https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php). Бір ескерерлігі, бакалавриатқа түсетіндер төрт топтан артық таңдай алмайды.
Осылайша, «Биология» + «Химия» таңдағанда сізде мынадай оқу бағдарламалары тізімі шығады:
1. «Химия пәнінің мүғалімі».
2. «Биология және аралас ғылымдар».
3. «Ветеринария».
4. «Жалпы медицина».
Егер шығармашылық мамандық таңдар болсаңыз және осы бағытта грант ұтып алу ойыңызда болса тек бір ғана білім беру бағдарламасын таңдай аласыз.
Мысалы, «Аудиовизуал құралдар және медиаөндіріс» пәнін таңдай отырып, тиісті пән бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. Бүл ретте білім беру бағдарламасы мынадай болады:
1. «Операторлық өнер».
2. «Баспа ісі».
3. «Полиграфия».
ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖОО-ға ҚАБЫЛДАУ
ҰБТ тапсырып шекті балл алған соң білім беру грантын тағайындау байқауына қатыса аласыз. Өтінімдер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Құжат тапсыру барысында ЖОО мен 4 білім беру тобын көрсетесіз (қалай таңдау керектігін жоғарыда түсіндірдік).
Грант білім беру бағдарламасына бөлінеді. Ал білім беру бағдарламасының өзін сіз жоғары оқу орнына барған кезде таңдайсыз (бұрын ол — мамандық таңдау деп аталатын).
Мысалы, «Химия пәні мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасы тобының грантын ұтып алған жағдайда — жоғары оқу орнына қабылдану барысында оқу орнының білім беру бағдарламалары тізімін қарайсыз. Жоғары оқу орнында «Химия» немесе «Химия-Биология» пәндері болса — екеуінің бірін таңдайсыз.
Оқуға қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оқуға түскені жайлы бұйрық нақты білім беру бағдарламасына орай шығады. Оқу бітірген соң дипломды сол бойынша аласыз.
Білім беру бағдарламалары топтары бойынша грант саны нақтыланған соң, тізім БжҒМ мен ҰТО сайтында жарияланады. ЖОО жүзеге асыратын білім беру бағдарламалары реестрі де сол жерде ілінеді.
ШЕКТІ БАЛЛ
Шекті балл деңгейі өзгеріссіз:
– Ұлттық ЖОО — кем дегенде 65 балл;
– Басқа жоғары оқу орындары — кем дегенде 50 балл.
Дей тұрғанмен, «Педагогика ғылымдары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» — кем дегенде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» — кем дегенде 65 балл.
Оның ішінде:
– Қазақстан тарихынан, математикадан сауат, оқу сауатынан (қай тілде оқығанына байланысты) кем дегенде 5 балл;
– Тиісті пәндердін әрқайсынан 5 баллдан кем емес (бұдан тек шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер ғана босатылған).
КЕШЕНДІ ТЕСТ
2019 жылы ҰБТ мен кешенді тест біріктірілді. Дегенмен әр санаттағы талапкерлер әр топқа бөлінеді және сынаұқты бір күнже тапсырмайды.
Тағы бір жаңалық: ТжКО түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай-ақ өз пәні бойынша қысқартылған бағдарламаға сәйкес ақылы бөлімге түсе алады. Ол үшін сол ЖОО сынағын ғана тапсырады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2017-2018 оқу жылында жоғары оқу орнына түсу сынағы мектеп бітіру емтихандарынан ажыратылды. Енді ҰБТ-ның мектеп бітіру сынағына қатысы жоқ. Тест нәтижесі мектеп рейтингіне әсер етпейді.
ҰБТ — талапкерлердің жеке жұмысы. Мектеп бітірушілер тест тапсыру үшін онлайн немесе жазбаша тіркеліп, ЖОО-ға сынаққа барады. Мектеп ҰБТ тапсыратын күні оқушыларды оқу орнына тасымайды, мұғалімдер тест тапсыратын бала санын өткізбейді.
Бүл материал сіздер үшін пайдалы болды деп сенеміз. Жоғары оқу орнына тапсыру, түсу жайлы көкейлеріңіздегі сауалдарға жауап ала алды деп үміттенеміз. Талапкерлерге сынақты сәтті тапсыруды тілейміз!