Home Жаңалық 300 мың мұғалімнің жалақысы өседі

300 мың мұғалімнің жалақысы өседі

0

Білім саласының негізгі, қосымша, техникалық және басшылық қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл жайында Тengrinews.kz хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігі осы мақсатта республикалық бюджеттен 2019 жылы 109 миллиард теңге білім саласына бөлінеді. Жалақы республиканың барлық өңірі бойынша бір уақытта көтеріледі. Білім саласында жарты миллион қызметкердің, соның ішінде 300 мыңнан аса педагогтің жалақасы артатынын жеткізді.

Сонымен қатар, қызметкерлердің ерекше еңбегі үшін қосымша ақы қарастырылады. Мәселен, сынып жетекшілік үшін, дәптер тексеру мен жазбаша жұмыс, жаңартылған бағдарлама мен педагогтік шеберлік квалификациясы үшін ақы төленеді.  1 маусымнан бастап мектепалды мекеме, колледж, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің жалақысы артады.  Ал, мұғалімдердің мерзімінен бұрын зейнетке шығу ұсынысы қабылданған жоқ.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version