Home Керекті кеңес Балалардың жазғы лагерьлерге жолдамасы қанша тұрады

Балалардың жазғы лагерьлерге жолдамасы қанша тұрады

0

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жазғы лагерьлердің жолдама бағасы қанша екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лагерьлердегі сауықтыру қызметінің тарифтерін жергілікті атқарушы органдар мен тиісінше аталған мекемелер бекітеді. Жолдамалардың бағасы шамамен 10 мың теңгеден басталады. Ары қарай лагерьде демалу ұзақтығына байланысты болады. Ол – шамамен 10-40 мың теңге аралығында», – деді вице-министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сонымен қатар, Бибігүл Асылова университеттерде ашылатын жазғы мектептердің қалай жасақталатыны туралы айтып берді.

«Біз ЖОО базасында жазғы мектептерді ашқалы отырмыз. Қазіргі таңда онға тарта жоғарғы оқу орыны академиялық мектеп ашып жатыр. Бұрын бұл тәжірибеде бар еді. Алайда ауқымды болмаған. Биыл ғана ЖОО-лар осы бастаманы іліп әкетіп, әртүрлі профиль бойынша жазғы мектептерді ашады», – дейді ол.

Бибігүл Асылованың айтуынша, еңбекпен балалардың 33 пайызы қамтылмақ.

«Жалпы, елімізде 6,7 мың еңбек отрядтары жасақталып, оған 180 мыңға тарта бала жұмылдырылады. Көгалдандыру бойынша 15 мың бригада – 524 мың бала жұмыс істейді. 2 333 әртүрлі ЖШС мен жеке кәсіп иелерінде 156 мың бала жұмыспен қамтылады. Еңбек кодексіне сәйкес ата-аналардың рұқсатымен үш жақты келісім жасалады. Ол келісімге ата-ана, жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші қол қояды. Жұмыс кестесі 3-4 сағаттан аспауы керек. Бала кез келген уақытта, тіпті оқу жылы кезінде де жұмыс істей алады. Алайда бұл жұмыс оқушының білім алуына кедергі келтірмеуі керек», – дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеген болатын.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version