Білім басқарармасының мәліметінше, қалыптасқан дәстүр бойынша қала сыртындағы «Арман», шатырлы «Батыр» және киіз үйлі «Тұлпар» лагерлері өз есіктерін ашады. Сонымен қатар, 1-4 сынып балалары үшін қаладағы 77 мектептегі лагерлер қызмет етеді, бұл жерде тамақтандыру үшін күнделікті төлем 700 теңге болды.
«Ал 5-6 сынып оқушылары мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңдарында уақытын қызықты өткізсе, 8-10 сыныптағылар «Айбынды маусым» әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға қатысады. Мұнымен қоса, қаладағы Оқушылар сарайында «Балалықтың бойтұмары» және «Шығармашылықтың жазғы мектебі» атты демалыс шаралары ұйымдастырылады», – делінген Елорда Инфо мәліметінде.
Оның бағдарламасына суда жүзуге үйрету, лингвистика сабақтары, театрлық студия және басқа да дағдыларға екпін қойылады.
Ақысыз жазғы демалыспен мына топтар қамтамасыз етіледі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік алуға құқы бар отбасылардың балалары; күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан жан басына шаққандағы табысы төменірек болған атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын отбасылардың балалары; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.
Осы орайда баланы тегін жазғы демалыспен қамту үшін мектепке мына құжаттарды ұсыну керек: жазбаша өтінім; қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; оқушының медициналық анықтамасы.
Қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің біріне жолдама алу бойынша ата-аналар барлық сауалдарын +7 771 118 88 84 телефон нөмірі бойынша біле алады. Ал Оқушылар сарайы жанындағы жазғы лагерлер туралы мына телефон нөмірлеріне хабарласып, сұрауға болады: 70-12-55, 70-12-76, 70-12-21