Home Ұрпақ тәрбиесі Ұлттық мәдениетімізді бала бойына қалыптастыруымыз керек

Ұлттық мәдениетімізді бала бойына қалыптастыруымыз керек

0
OLYMPUS DIGITAL CAMERA
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

                                                                                                                «Ең жақсы әдет- халқыңның әдеті,

                                                                                                 Ең жақсы киім- халқыңның киімі,

                                                                                                 Ең жақсы ән-халқыңның ән»

  Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптасуына эстетикалық тәрбиенің маңызы аса зор.

Эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі- музыка.

Музыка жеке тұлғаның ақыл-ойымен, дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірбиесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Музыкалық тәрбиенің басты мақсаты- музыка өнері ақылы рухани бай, шығармашылығы мол халық өнерін өмірдің бір бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптар мен салт- дәстүрін қастерлейтін, классикалық туынды және басқа өзге халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Академик М.Әуезов қазақ өнері туралы өзінің бірнеше жылғы зерттеу еңбектерін қорытындылай келіп, былай деп түйін жасаған: «Қазақ халқы кең далада өмір тіршілігін негізгі көзі төрт түлік малын бағып- қағу тірішілігімен жаз жайлау, қыс қыстауға көшіп-қонып жүріп болашақ ұрпақтарына архитектуралық, скульптуралық, живопистік ескерткіштер қалдырмағанымен, адам жанына ләззат, бойына қуат әперетін тамаша әндер мен күй қалдырды».

Қазақ халқы ғасырлар бойы өз араларынан терең ойлы жырауларын, бұлбұл дауысты әншілерін, шебер күйшілерін, мың бұралған бишілерін шығарып келі. Олар қалдырған асыл мұра біздің заманымызға халық таланттарының құдіретті күшімен бір-біріне қолдан-қолға, ауыздан -ауызға үйретулері арқылы жеткенін тарих шежіресі дәлелдеп отыр.

Қазақ халқы қашаннан әнге, күйге, өлең-жырға бай, яғни ән- халық өмірінің ажырамас бір бөлігі болған. Ол әндерде өмірдің көп ғасырлық тарихы, оның эстетикалық, этикалық және педагогокалық идеялары өз көрінісін тапқан.

Музыкалық тәрбие- бұл музыканттарды тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу.

Музыкалық эстетикалық тәрбие беру ұзақ, күрделі әрі сан қилы процесс. Қазақ халқы ән-күймен, айтыспен, жыршы, сал-серілердің өнер көрсетуімен қатар жүретін дәстүрлі ұлттық мерекелер мен ойын- сауықтарға бай қазақ даласының тыныс-тіршілігінің өзі балаларға музыкалық эстетикалық тәрбие беруге ерекше ықпал етті.

Халық тәрбиесі әрбір халықтың ой-арманымен, кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып, қалыптақсан тарихи қазына. Атадан келе жатқан рухани мұраны жастардың бойына дұрыс орынды даыту- біздің азаматтық борышымыз.

Бала тәрбиесі өте ертеден келе жатқан дәстүр. Әр халық өз ұлтының болашақ ұрпақтарын адамгершілікке, мейрімділікке, әдептілікке, әділеттілікке тәрбиелейді. Осы салада мұғалімдердің сіңірер еңбегі өте зор. Музыка саласында тәрбиенің де қатысы зор. Ән мен еңбек, ән мен бейнелеу, ән мен тарих, ән мен әдебиет тығыз байланысты. Мысалы: қазақтың ертеден келе жатқан зергерлік бұйымдарының ішінде қыз баланы жастайынан сыпайылылыққа тәрбиелеуге, қаздай қалқып жүріп үйретуге бейімделген бұйымның бірі-алқа. Қызы он жасқа келгенде анасы қызына алқа сыйлап тойлаған. «Сен енді үлкейдің, секірме, жүгірме, ерсі болады. Жәймен қалқып, сыпайы жүрсең алқаңның қоңырауы да жақсы әндетеді. Сен сол әнді тыңда. Одыраңдап жүрсең берекесіз шалдыр- шұлдыр етеді»,-деп ақыл кеңес берген. Нәзік сылдырды есіткен қыз қалықтап, толқытып, әндетіп жүрісін түзейді. Ұшпалы бұлттай жеңіл қалқып, иін ағашы мен шелегін ауырсынбай күміс қоңыраулары сылдыр қағып келе жатқан сұлу бойжеткенді суреттеген Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі қазақ қызының әдемі қалықтаған жүрісін бейнелейді.

Міне, сұлу жүрістің өзі күй шығаруға әсер кткендігін көрсетеді.

Сонымен қатар өтілетін сабақтың әсерлі де тиімді болуы үшін техникалық көрнекілік пен қосымша құралдарды тиімді пайдалануға назар аударған жөн. Осы мақсатта пән кабинеттерінің жабдықталуы да үлкен роль атқарады.

Сабақ барысында оқу материалдарды қысқа уақытта қайталап, қорытынды жасап, теориялық оқыту жасап,  бәрін іске қосып, балаларға  кішкене де болса ұлттық өнеріміз, мәдениетімізге деген қызығышылығын ояту.

Бала бойына музыкалық тәрбиеберіп қана қоймай, халқымыздың ғасырлар қойнауында қалыптасқан педагогикасымен қиюластыра келе ұлттық мәдениетімізбен өнерімізіге, туған жерге, ана тілімзіге деген сүйіспеншілігін ояту.

Өнер неден бастау алады?

Ол- ананың әлдиінен, бесік жырынан, айналадағы тұрмыстық заттардан, ою-өрнектерден бастау алады.

Сабақ барысында балалардың жадында қалатын материалдар: жекелеген күйлер, әндер, қазақтың ұлттық аспаптары, күйлердің шығу тарихы, ою-өрнектер, би қимылдар. Мәселен: Тәттімбеттің «Саржайлау» күйінің өзі әуен-әуезі үлкенге құрмет ілтипаты, дала образы, метафора-жерді айналып ұшып бара жатқан баран ат, оны әңгімелейтін қазақтың киелі домбырасы. Балалар сабақ үстінде тыңдаған күйлері туралы сұрағанда жауап бергеннен гөрі, оның есесіне әлгі сауалға қимылмен, бимен, суретпен жауап беруге келгенде жанып түседі.

Өзімнің іс-тәжірбиемді қорытындылай келе бала бойына кішкенеде болса ұлттық мәдениетімізді құрметтеп, сыйлауға баулуға үйрету үшін аянбай еңбек етейік.

 

Қалышева Ханымгүл Аманғалиқызы

Ақтөбе облысы, Алға қаласы

№1 «Еркетай» Алға бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version