«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 мың грант бөлінеді. Гранттар осы жылдың қыркүйек айынан бөліне бастайды. Бір шарт бар – ол гранттарға Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті бал алған түлектер үміткер бола алады. 5 мың грантқа үміткер бола алатын нақты санаттар бар – олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары. Бізде биыл 53 700 грант болады. Алдымен, осы гранттарды үлестіріліп, содан ілінбей қалған, жоғары санатқа енетін түлектер 1 тамыздан кейін өтініш бере алады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, гранттарды бөлуде ешқандай жемқорлыққа жол берілмейді.
Еске сала кетсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына биыл 5 мың білім гранты бөлінеді. Бұл туралы кеше Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.