Home Жаңалық Білім министрі студенттер шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты

Білім министрі студенттер шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты

0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттердің шәкіртақысы қандай сомаға өсетінін айтты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін шәкіртақы 30 пайызға артады. Оның көлемі 21 787 теңгегеге жетеді (бұған дейін 16 759 теңге болды)», – деді министр халықпен есеп беру кездесуінде.

Осы орайда, А. Аймағамбетов студенттер шәкіртақысын көтеру жұмысшы мамандықтардың тартымдылығын арттыруға оңтайлы нәтиже беретінін атып өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандығын алып жатқан студенттердің шәкіртақысы артатынын мәлім етті.

«1 қыркүйектен 122,5 мың адамды қамтитын техникалық және кәсіптік білімнің жұмысшы мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы 30  пайызға артатын болады. Жоғарыда аталған қауырт шаралар біздің бәрімізді толғандырып отырған әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізеріне сенім білдіремін. Әрине, мұның барлығы Елбасының танымал стратегиясында белгілеген мақсаттарға қол жеткізуге оң әсерін тигізетін болады», – деді Қазақстан Президенті.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version