Автордың сөзінше, Морит халықаралық мектебі ACI (Африка тазалық бастамасы) үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп мектептегі оқу ақысын пластик бөтелкелермен қабылдау жобасын қолға алды.
«RecyclesPay деп аталатын жоба аясында кірісі төмен топтарға балаларын оқытуға мүмкіндік беріліп отыр. Олувасейи сияқты ата-аналар айына екі рет өңдеуге жарамды пластик бөтелкелерді мектепке тапсырып, оқу ақысын жабады. Әр 200 келі бөтелке 11 долларды құрайды. Ал халықаралық мектептегі оқу ақысы бір семестрде 24 доллар тұрады», – деп жазады автор.
Мәлім болғандай, жыл сайы Лагоста 450 мың мегатонна пластик қалдық тасталады. Ал Нигерия пластикалық ластану бойынша әлемде 11-орында тұр.
«ACI жобасы Лагостың бес мектебінде жүзеге асырылады және осы жобамен мыңнан астам бала оқып жатыр. Бұл жол экологиялық проблеманы шешіп қана қоймай, экономикалық потенциалды да арттыратыны сөзсіз», – делінген CNN-да.