Оның айтуынша білім саласындағы күрделенген мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап кеткенін алға тартады.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» дейтін болсақ, ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ. Шалғайда орналасқан ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығы, ондағы жағдайдың көңіл көншітпейтіні бұл мәселенің қордалануына алып келіп отыр. Осыған орай ел Президенті «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды тапсырды. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді міндеттегені педагогтарды қуантты. Жас мамандарға жасалған жағдай – ел болашағына құйылған инвестиция деп білемін», – дейді Баршагүл Исабек.
Сондай-ақ, университет басшысы Президенттің дарынды ауыл жастарына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескерткені көңіл қуантатынын айтады. Оның сөзінше жастарды ішінара іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек.
«Мемлекет басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыруы талай қарагөздерге жарқын болашақ сыйлары сөзсіз. Келер күндерде ел тұтқасын ұстар сол мектеп партасында отырған жас өскіндер екенін ескерсек, бұл бастамалардың барлығы баянды болашақ үшін жасалып отырған игілікті іс болмақ», – дейді ректордың міндетін атқарушы, профессор.