Home Үздік Оқушы 1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

0

Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында кадеттер арасында жылдам шахмат және блиц бойынша ІІІ әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

“Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды. Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған”, – дейді Павлодар обылстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. 

Бұған дейін ол облыстық білім басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың желтоқсан айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Жұлдызды дебют» облыстық турнирінде бірінші орын алған.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version