Бүгін сіздердің мектептеріңізге қала әкімі Алтай Сейдірұлымен келген мақсатымыз – ағалық, әкелік борышымызды айту. Ең негізгі айтар мәселе: жаңа маған бұл залда 10-11 сыныптың балалары отыр деп айтты. Қазіргі уақытта заман талабына сай білім алуға барлық мүмкіндік бар. Мектептеріңізді қараңыздар. Қаншама бағдарлама бар. Бұрынғының бәрін қою керек. Блатпен түседі, анау-мынау дегендей. Қазір бір-ақ нәрсе бар – басың істеуі керек. Сонда ғана Америкаға да, Еуропаға да барып оқи аласың – ешқандай мәселе жоқ. Мына отырған ағаларың – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы ауылдың көпбалалы отбасынан шыққан. Жақсы оқығанының арқасында «Болашақ» бағдарламасымен оқып, қызмет істеп жүр», – деді елордадағы №76 мектеп-лицейде оқушылардың алдында сөз сөйлеген Бердібек Сапарбаев.
Мектепте өтіп жатқан экологиялық сағатқа қатысқан Үкімет басшысы өз сөзінде балаларға барлығы білімге байланысты екенін атап өтті.
«Уақытты жіберіп алмау керек. Жаңа мектептің директорынан қанша үйірме барын сұрап отырмын. Адамның денсаулығы мықты болуы керек. Ол үшін спортпен айналысу керек. Адамның мәдениеті жоғары болу үшін өнер саласына баруы тиіс. Сондықтан, біз сіздерден сол мүмкіндікті дұрыс пайдалануды сұраймыз», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Еске сала кетсек, Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы №76 мектеп-лицейде өткен экологиялық сағатқа қатысып, мектеп ауласына ағаш отырғызған болатын.