«Менің жастарға беретін ақылым – ең алдыменен білім алуға тырысу керек. Мынау өмір деген қиын. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Абай бабамыздың айтып кеткен сөзі бар. Жастарды еңбекке баулуымыз керек, білімге баулуымыз керек. Өзіңнің еңбегіңмен, біліміңмен тапсаң, өзің де жақсы боласың, жанұяңды да асырайсың, ешкімге барып тіленбейсің. Жалпы Қазақстанның жанұялары бұл мәселеде ойлануы керек. Араңдатуға ешқашан көнбеуі керек. Барлығымыздың ойымыз – елдің амандығы, жұрттың тыныштығы. Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мәңгі болсын деп ойлауымыз керек. Сонда бізде де, келер ұрпағымызда да барлығы болады. Ел сыйлайды, дүниежүзі сыйлайды», деді Елбасы «Хабар» арнасына берген арнайы сұхбатында.