Home Жаңалық Балабақшада ағылшын тілі оқытылмауы мүмкін

Балабақшада ағылшын тілі оқытылмауы мүмкін

0

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбишілердің еңбекақысын көтеру ескерілген», – деді А. Аймағамбетов Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Министрлік мәліметіне қарағанда, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке. Сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артты. Барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақшалар – 6 470, шағын орталықтар – 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайды (2015 ж. – 758 772 адам).

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басымдығы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген. Соңғы жылдары білім беру саласына бизнесті тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version